Әубәкірова Жәния

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

04:59, 2011 ж. желтоқсанның 8 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

Әубәкірова Жәния

Жәния Әубәкірова - пианистка, концермейстер, педагог, ЖОО-нын топ-менеджері.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: “ҚазАқпарат”,2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>. Ж.Әубәкірова – экономика ғылымының докторы, Қазақ КСР еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері, профессор Яхия Әубәкіровтің қызы. Ол Алматыда 1957 жылдың қыркүйек айының 9 күні туан. Жәния П.И. Чайковский атындағы мемлекеттік консерваторияны 1979 жылы, ал 1981 жылы аспирантураны профессор Л.П. Власенконың сыныбы бойынша бітірді. Ол 1979 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында концертмейстрлік қызметін бастае, 1981 жылдан бастап 12 жыл бойы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияда аға оқытушы, доцент, арнайы фортепиано кафедрасының меңгерушілік қызметтерін атқарады,1993 жылдан профессор, 1997 жылдан бастап осы консерваторияның ректоры. ҚР халық әртісі Жәния Яхияқызы Әубәкірованың есімі дүниежүзі музыка сүйер қауымына кеңінен танымал. Оның пианинодағы шебер еңбек жолы Қазақстан мемлекеттік сыйлығымен, Францияның өнер және әдебиетінің орденімен, Қазақстан мен Ресей арасындағы достықты бекіткені үшін ІІ-Екатерина атындағы 2-дәрежелі «Кавалер» орденімен марапатталды. «Платиналық Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты және Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреатты, ал 1991 жылы ҚР әртісі атағы берілді. Францияда өткен халықаралық Маргарет Лонг және Жак Тибо конкурсында 1983 жылы Гранприді жеңіп алған. Жеңістердің бірі – 1985 жылы Халықаралық камералық ансамбльдердің конкурсында Гранприге, Қазақстан Ленин комсомолы (1982) және "Тарлан" (2001) сыйлығының ие болған.. 1998 жылы «Классика» атты музыкалық агенттікті ұйымдастырaды. Соның арқасында «Франциядағы қазақ маусымдарында» үлкен жетістіктерге жетіп, осындай концерттер 18 мемлекеттерде өтті. 30-дан астам үнтаспа жазылып, оның қазақстандық орындаушылар туралы 20-дан астам музыкалық фильмдері жарық көрeді. Қазақстан Республикасының Халық әртісі (1991).

Ж.Әубәкірованың жетістіктері туралы 1984 жылы «Жаңа толқын», 1986 жылы «Рояльдың алдындағы монологтар», 1998 жылы «Дуэт» атты деректі фильмдер түсірілген.


Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}