Әсет Болғанбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:26, 2017 ж. қаңтардың 6 кезіндегі Kaiyr (Талқылауы) істеген түзету

Болғанбаев Әсет (8 наурыз 1928 жылы, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Қараменде ауылынды туған – 12 қаңтар 1999 жылы, Алматы қаласында қайтыс болған)филология ғылымының докторы (1972 жылы). Қарқаралы педагогика училищесін (1947 жылы), Қазақ Мемлекеттік Университетті бітірген (1952 жылы, қазіргі Қазақ Ұлттық Университеті). Осы жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстан Ғылым Академиясының Тіл білімі институтында ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болды. Ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты қазақ тілі лексикологиясы мен лексикографиясын зерттеуге арналған. Болғанбаевтың «Қазақ тіліндегі синонимдер» зерттеуі лексикологиядағы іргелі ғылыми еңбек ретінде бағаланды. Болғанбаев бұл монографиясында барлық сөз табына қатысты синонимдерді талдау арқылы қазақ тіліне тән дара заңдылықтарды зерттеді. Синонимдік қатардың, ең алдымен етістікте, сонан соң зат есім мен сын есімде көп кездесетінін көрсетті. «Қазақ тілі лексикологиясы» (1979 жылы) деген еңбегінде синхрондық зерттеу әдісін қолданып, лексикология қағидаларын тың тілдік деректермен толықтырды. Болғанбаев – «Абай тілі сөздігін» (1968 жылы), «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін» құрастырушылардың бірі (1974–84 жылдары). Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы лауреаты (1988 жылы).<ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том</ref>

Әсет Болғанбайұлы (1928 - 1999), қазақ тіл білімі маманы. Филология ғылыми докторы (1973). Ақтоғайдың түлегі. КазМУ-ді (1952) бітірген. 1952 жылдан ҚазКСР ҒА Тіл білімі институтында аспирант, кіші ғылыми, 1958 жылдан аға ғылыми қызметкер, ал 1986 жыдлан бөлім меңгерушісі, 1991 - 1999 жылы бас ғылыми қызметкер. «Қазақ тіліндегі синонимдер» деген тақырыпқа докторлық диссертация қорғаған (1972). Ғылыми-зерт. еңбектері қазақ лексикологиясы мен лексикографиясы мәселелеріне арналған. ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1988).<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref> Ол 1947 жылы Қарқара педучилищесін үздік бітіріп, сол жылы қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Аталған оқу орнын бітірген соң 1952 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл білімі институтына жұмысқа орналасып, әуелі аспирант, кейін кіші, аға, жетекші, бас ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарып, өмірінің соңына дейін 47 жылдан астам осы институтта еңбек етті. Ә. Болғанбайұлының негізгі еңбектері қазақ тіл білімінің көп ізденісті, жан-жақты зерттеуді қажет ететін аса жауапты салаларына, яғни лексикологияға және тілдегі сөздердің жайын зерделейтін лексикологияға және сөздік құрамды жинақты түрде көрсететін лексикографияға арналған. Ғалымның көп ізденіп, атақ, дәреже алған еңбектері – осы лексикология мен лексикография саласында жазған монографиялық жұмыстары. Ә. Болғанбайұлы алғаш қазақ тіл білімінде зерттелмей, қолға алынбай жатқан тың, күрделі саласының бірі – синонимдер мен оның варианттылығын зерттеуді қолға алды. Ғ. Мұсабаевтың жетекшілігімен «Қазақ тіліндегі зат есімдік синонимдер» атты кандидаттық (1945), А. Ысқақовтың кеңесшілігімен «Қазақ тіліндегі синонимдер» (1971) атты докторлық диссертациясын қорғады. Ә. Болғанбайұлының 1970 жылы 22 баспа табақпен жарық көрген «Қазақ тіліндегі синонимдер» атты ғылыми монографиясына отандық және шетелдік ғалымдар оң баға беріп, түркітануға қосылған елеулі үлес деп таныды.

Шығармалары

1. "Қазақ тiлiнiң синонимдер сөздiгi", Ә. Болғанбаев.- Алматы: Мектеп, 1975.- 308 бет.;

2. “Қазiргi қазақ тiлiнiң лексикологиясы мен фразеологиясы“, Қалиев Ғабдолла, Болғанбаев Әсет - Алматы: Сөздiк-Словарь, 2006.- 264 б.;

Сілтемелер

1. «ЖҰМЕКЕН НӘЖІМЕДИНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҚОСАРЛАНҒАН СИНОНИМДЕР»

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әсет Болғанбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}