Ән-Арман (деректі фильм)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

04:34, 2011 ж. желтоқсанның 8 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

"Ән-Арман" (деректі фильм) - Мұхит Мерәліұлының шығармашылығына арналған фильм. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: “ҚазАқпарат”,2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>.

Фильм 2008 жылы Қазақстан-Орал телеарнасы ұжымының күшімен түсірілген. Негізгі идеясы - Мұхит орындаған әндердегі нәзік сезімді, асқақ арман мен сағынышты көрерменге жеткізу. Әйгілі "Айнамкөз", "Жылқышы", "Зәуреш", "Паң-көйлек" әндері фильмнің негізгі өзегі болып табылады. Фильмде асқан орындаушылық шеберлікті қажет ететін осы күрделі әндердің шығу тарихы баяндалған. Түсіру жұмыстары Батыс Қазақстан Облысының киелі Қаратөбе жерінде, Мұхит Мерәліұлының туған елінде жүргізіледі. Жоғарыда аталған әндер Ғарифолла Құрманталиевтың орындауында "Алтын қордан" алынған. Фильмді дайындағандар - редакторлар - Баян Мұхамбетәлиев, Ақсәуле Байменшина, дыбыс режиссері - Жігер Құмаров, операторы - Руслан Ғазезов, жарық түсіруші - Тарас Қажымов, бейнемонтаж - Есенжан Қонашев.

Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}