Әніс Жақыпұлы Өтеулі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:56, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Әніс Жақыпұлы Өтеулі (1.3.1924 жылы туған, Қармақшы ауданы Құмжарған ауылы) – ғалым, филология ғылым кандидаты (1984). Қазақ Мемлекеттік университетін (ҚазҰУ) бітірген (1950). 1943 жылы мұғалімдік курсты бітірген соң, ауыл мектебінде мұғалім болып қызмет істеді. 1971 жылдан Қызылорда педагогикадық институтында (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) оқытушы, аға оқытушы, доцент (1988), профессор (1997). 100-ден астам ғылым және әдістемелік еңбектері жарық көрген. Олардың ішінде «Байырғы атаулар сыры» (1993), «Сыр өңірі» (телавтор, 1988), «Түйешінің түсіндірме сөздігі», «Қазақстан ономастикасының библиографиялық сөздігі» (1992), «Әлемге әйгілі Қорқыт Ата егеменді елімізде» (2001), «Қазақстан топонимикасы» (2002), «Түйе: тарихы, түрлері, пайдаланылуы, ономастикалық терминдер» (2003), «Қасиетті Марал ишан (туғанына 225 жыл)» (2005) монографиялары мен зерттеу еңбектері бар. Өтеулі «Қазақстан білім беру ісінің үздік қызметтері» (1968), «КСРО халық ағарту ісінің үздігі» (1988) белгілерімен марапатталған.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әніс Жақыпұлы Өтеулі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}