Әнуар Тұрлыбекұлы Әлімжанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:09, 2016 ж. қарашаның 21 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Жазушы

Әнуар Тұрлыбекұлы Әлімжанов (12 мамыр 1930 жылы туған, РКФСР, Қазақ АКСР, Алматы округі (қазіргі Алакөл ауданы), Қарлығаш ауылы) — қазақ жазушысы.

1954 жылы Қазақтың мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Шығармаларын орыс тілінде жазады. Оның алғашқы әңгімелері, очерктері, публицистикалық мақалалары 1952 жылы жариялана бастады. Әнуар Әлімжановтың тақырыбы алуан салалы: қазақ халқының өткен дәуірдегі мүшкіл халі, бүгінгі гүлденген Қазақстан, социализмнің белсенді құрылысшылары, жаңа совет адамдары, халықтар достығы, Азия, Африка елдерінің ұлт азаттығы жолындағы жан қиярлық күресі т.б. Әнуар Әлімжановтың тарихи тақырыпқа жазған шығармаларының идеялық мазмұны бүгінгі күннің талап-тілегімен үндес.

"Отырар ескерткіші", "Құрманғазының жастық шағы" повестерінде орта ғасырдағы қанаушылықты, деспоттықты, зұлымдықты өткір де уытты сөздермен түйресе, халық бойындағы алып күшті, сарқылмас жігерді, өнерге, жарқын болашаққа ұмтылған өршіл талапты сүйсіне толғайды. "Жалындап тұрған найза" повесінде Африка халқының қан құйлы отаршыларға қарсы азаттық күресін шебер суреттеді. Империалистердің шектен шыққан озбырлығын әшкереледі, ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі Джомоның қаһармандық бейнесін жасады.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Шығармалары

  • 1958 жылы "Ақ дос, сары дос, қара дос"
  • 1959 жылы "Достар кездескенде"
  • 1960 жылы "Мəңгілік тамыр"
  • 1962 жылы "Сумен, құрлықпен елу мың миль"
  • 1963 жылы "Күнге бет алған керуен"
  • 1964-1967 жылдары "Көгілдір таулар"
  • 1965 жылы "Жалындап тұрған найза"
  • 1966 жылы "Отырар ескерткіші"
  • 1969 жылы "Махамбеттің жебесі"
  • 1970 жылы "Жəмшит айнасы".<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті