Әндіжан Қажыбайұлы Ізмұханов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:06, 2016 ж. наурыздың 25 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Ғалым Әндіжан Қажыбайұлы Ізмұханов (1931 жыл 1 қаңтар, Сырым ауданы, Жымпиты) - дәрігер, ғалым, өнегелі ұстаз.

Еңбек жолы

Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітірген. Еңбек жолын Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданындағы «Пугачев» кеңшарында дәрігерліктен бастаған. 1956 жылдан 1999 жылға дейін А. Сызғанов атындағы Қазақ клиникалық және экспериментальды хирургия ғылыми зерттеу институтында ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, бас маман. 1985 - 1987 жылдары осы институттың директоры. 1967 жылы медицина ғылымдарының кандидаты атанды. 200-ден аса ғылыми еңбегі жарық көрген. Зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары - зақымдалған тамырлар, қолқа және жүрек тамырларын емдеу тәсілдері. Қазір әл-Фараби атындағы ҚазҰМУ-дің биология факультетінде дәріс оқиды.

Марапаттары

«Ревматизмнен пайда болған жүрек ақауын емдеу» монографиясы (1981) үшін әл-Фараби атындағы медальға және Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің I дәрежелі дипломына ие болған. 1966 жылы «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, түрлі медальдармен марапатталған.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Экциклопедия. Толықтырылған 2-ші басылымы. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2010. - 580 бет + 32 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 978-601-291-049-0</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер