Әмір Рақыш Сәтұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:36, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Әмір Рақыш Сәтұлы (1930 жылы туған, Жамбыл ауданы Аса ауылы) – филолог ғылым докторы Қазіргі әл-Фараби атынд. Қазақ ұлттық университетін бітірген (1951). 1954 – 55 жылы мектеп мұғалімі, 1955 – 64 жылы Қазақ КСР Ағарту мин-нің пед. ғылымдары иниверситетында аға ғылыми қызметкер, хатшылық меңгерушісі, директордың орынбасары, 1965 – 69 жылы қазіргі әл-Фараби атынд. Қазақ ұлттық ун-ті қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, 1966 – 74 жылы декан, 1974 – 87 жылы Алматы пед. шет тілдер институтында (қазіргі Абылай хан атынд. Қазақ мемлекетаралық халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) ректорлық жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, 1988 – 92 жылы Қазақ КСР Білім мин-нің пед. ғылымдары ғыл. зерттеу иниверситетының «Қазақ тілі мен әдебиет оқыту методикасы» бөлімінің бас ғылыми қызметкері, меңгерушісі қызметтерінде болды. 1992 жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қазақ тілі кафедрасында оқытушы. 80-нен аса ғыл. еңбектері, соның ішінде 7 монографиясы жарық көрген. «Құрмет белгісі» орденімен, Қазақ КСР Жоғ. Кеңесі Құрмет Грамотасымен марапатталған 5 ғыл. кандидатын тәрбиелеген.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}