Әмірхан Меңдеке

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:42, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Әмірхан Меңдеке - 1956 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында дүниеге келген.

1979 жыл Қазақ Ұлттық Университетінің филология факультетін бітірген. «Мектеп» баспасында аға редактор, «Қазақ әдебиеті» және «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде бөлім меңгерушісі, Қазақ радиосының бас директоры, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары болды, Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының аға кеңесшісі болып жұмыс атқарды. Қазір «Жас Алаш» газеті бас редакторының орынбасары.

Еңбектері

Республикалық баспасөзде 100-ге жуық әдебисыни мақалалары жарық көрген. 2001 жылы «Елорда» баспасынан «Сөз өнері: серті мен дерті» атты сын мақалаларының жинағы жарық көрді. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері (2000).<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}