Әлмен Байқалмаққызы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:49, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Әлмен Байқалмақызы (1860, Қордай ауданы Сұлутөр өңірінде туған)- айтыскер ақын.

Төртінші атасы Қарабек Салтангелдіұлы айтулы батыр болған. Әлейбек, Әлімбай, Иман дейтін үш ұлдың ортасындағы жалғыз қыз болғасын Әлмен ерке өсіп, өткір де батыл, жігітке бергісіз өр тұлғаға айналады. Оның ақындық өнері қарашадай қыз күнінде-ақ танылған. Өз тұсындағы өлеңші, ақын атаулының бәрін де бет қаратпай жеңіп отырған. Сол кездегі белгілі ақынның бірі Тәкен сал онымен өмір бойы айтысып, ешқашан жеңе алмаған. Әлмен бесіктегі кезінен-ақ "бесік кертпе" салтымен бір байдың баласына атастырылады. Ақын қыз өсе келе, болашақ күйеуін менсінбейді. Өйткені, атастырылған жігіті "айрантаз" көрінеді. "Оған берсең у ішіп өлем" деп қорқытқасын, әкесі құдалармен астыртын хабарласып, қызының нағашысынікіне бармақ ниетін жеткізеді де, оны жолдан алып кетуге кеңес береді. Бұл ұсынысты құп алған күйеу бала жол торып, Әлменді қолға түсіреді. Әлменнің осындай зорлықпен ұзатылып бара жатқаны Тәкен салға жетеді. Бір сүріндіретін реті келген шығар деген оймен Тәкен сал Әлменнің артынан қуып жетіп, онымен айтыс бастайды.

Ел аузындағы бұл айтыс - Әлменнің ақындық өнерінің қаншалықты ерте жетілгенін айғақтай түссе керек. Тағдырына еріксіз көніп, сүймеген күйеуімен өмір сүруге мәжбүр болған Әлмен өмір бойы өксумен өткен. "Сайрап жүрген саяда бұлбұл едім, мойыныма түсірді-ау тұзақ тор ғып", - деп зарлаған.<ref>Айтыс 1т.1998 Ысқақбай М., Шығарма шырайы -шындық.</ref><ref>Тараз Жамбыл энциклопедия "Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы Алматы,2003 133-бет</ref>

Сыптқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>