Әкімшілік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

15:52, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Әкімшілік

  1. елдегі басқару қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жиынтық атауы;
  2. елбасының, басқа да мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық үйымдардың жұмысты басқаруды ұйымдастыратын қызметкерлер құрамы;
  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының жүйесіне кіретін жергілікті атқару органының атауы.

Әкімшіліктің ұйымдық құрылымы оның жергілікті мемлекеттік биліктің атқарушы органы ретіндегі қызметінің міндеттері мен құзыреттері арқылы айқындалады. Әкімшілік кімнен, оның орынбасарларынан, басқармалардан, бөлімдерден және т.б. қызмет бөлімшелерінен тұрады. Әкімшіліктің құрылымын облысты, ауданды, қаланы басқарудың жобасына сәйкес анықтап, әкімнің үсынуымен мәслихат бекітеді. Жергілікті атқару органдарының экономикалық және қаржылық негізгі әкімшілік-аумақтық бірліктердің меншіктерінен, жергілікті бюджеттің қаражатынан, жергілікті салықтардан, бюджеттен бөлінетін дотаңиялар мен субвенңиялардан, мемлекеттік алымдардан, қаланың, ауданның меншігіндегі мүлік үшін төленетін жалдамалық ақылардан, кәсіпорындардан алынатын салықтардан және басқа да төлемдерден құралады. Әкім жергілікті бюджеттен басқа бюд¬жеттен тыс қор құра алады. Оған иесіз және тәркіленген мүліктерден түскен табыстар, сенбіліктер өткізуден, жер¬гілікті займдар, лотереялар таратудан, аукциондардан түскен пайда кіреді. Әкімшілік бюджетті жоспарлап, қалыптастыру, жүмсау, шаруашылық қызметті ұйымдастыру, көлік пен байланыс, жер пайдалану, табиғатты қорғау, табиғи ресурстарды жөнімен пайдалану, тұрмыстық қызмет көрсету, сауда, түрғын үй, коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік- мәдени қызмет көрсету (білім беру, денсаулық сақтау, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, т.б.), заңдылықты, құқықты, тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау құзыретін иеленеді. <ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Әкімшілік -

  1. кең мағынада - мемлекеттік басқарудын атқарушы және үлестіруші органдары, атқарушы билік органдарының жоғары лауазымды тұлғаларынын жиынтығы;
  2. РФ-да край, облыс, автономды облыс, автономды округ, аудан, қала деңгейіндегі атқарушы билік органдарының кең таралған, ресми атауы;
  3. АҚШ мен бірқатар басқа президенттік республикалардағы мемлекет басшысының жанындағы министрлер кабинетінің атауы.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б.

ISBN 9965-808-89-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әкімшілік|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}