Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Әз-Жәнібек хан"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

(ШатастыруKokmardan (талқылауы) істеген нөмір 1225232 түзетуін жоққа шығарды)
Жол нөмірі 5: Жол нөмірі 5:
 
| Сурет ені    =  
 
| Сурет ені    =  
 
| Атауы            =
 
| Атауы            =
| Титулы              = [[Қазақ хандары|Қазақ ханы]]
+
| Титулы              = [[Алтын Орда ханы]]
 
| Ту              = Kazakh Khanate.svg
 
| Ту              = Kazakh Khanate.svg
 
| Ту2              =  
 
| Ту2              =  
| Басқара бастады      = [[1473]]
+
| Басқара бастады      = [[1342]]
| Басқаруын аяқтады        = [[1480]]
+
| Басқаруын аяқтады        = [[1357]]
| Ізашары    = [[Керей хан]]
+
| Ізашары    = [[Тыныбек хан]]
| Ізбасары          = [[Бұрындық хан]]
+
| Ізбасары          = [[Бердібек хан]]
 
| Титулы_2            =  
 
| Титулы_2            =  
 
| Ту_2            =  
 
| Ту_2            =  
Жол нөмірі 42: Жол нөмірі 42:
 
| Жерленді      =  
 
| Жерленді      =  
 
| Діні      =  
 
| Діні      =  
| Әкесі              = [[Барақ хан]]
+
| Әкесі              = [[Өзбек хан]]
 
| Анасы              =
 
| Анасы              =
 
| Жұбайы            =  
 
| Жұбайы            =  
| Балалары              = [[Қасым хан]]
+
| Балалары              = [[Бердібек хан]]
 
| Партиясы            =  
 
| Партиясы            =  
 
| Білімі        =  
 
| Білімі        =  
Жол нөмірі 53: Жол нөмірі 53:
 
| Марапаттары            =
 
| Марапаттары            =
 
}}
 
}}
'''Әз-Жәнібек хан'''<ref>Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647</ref> ('''Жәнібек Әбусағит''') (туған жылы мен өлген жылы белгісіз) — Қазақ хандығы мен қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы, [[Барақ хан]]ның ұлы, [[Орыс хан]]ның шөбересі. [[15 ғ.]] өмір сүрген. [[1450 жж.]] дейінгі өмірі мен қызметі туралы нақты деректер жоқ.
+
«Жәнібек» атауы қазақ тарихындағы атақты екі Жәнібек ханның қайсысының есімімен байланысты болуы мүмкін деген сауал тарихшы ретінде бізді жиі ойландырады. Аталған қос Жәнібек: яғни Алтын орда ханы Өзбекұлы Жәнібек (1342-1357) пен өлке тарихындағы орны әлі түпкілікті анықталмағанына қарамастан, Қазақ хандығының негізін қалаған Барақұлы Жәнібектің де (шамамен 1473-1474) туған өңіріміздің тарихына қатысы бар екені тарихи әдебиетте баяндалады.
 +
Әз-Жәнібек хан тарихы тәуелсіздік жылдарында зерттеушілердің, ғылыми-көпшілік қауымның қызығушылығын оятып, жұртшылықтың назарын өзіне тағы аудара бастады. Аталмыш мәселе туралы соңғы жылдары жаңа көзқарастағы пікірлер көтеріліп, бірнеше мақалалар  дүниеге келді. Мұны мойындамау-ақиқатқа қиянат. Тарихшылар Ж.Артықбаев, Б.Ермұқанов, И.Шәмшәтұлы, Т.Омарбеков,Ш.Омарбеков, Б.Кәрібаев, М.Қасенов ,жазушы Қ.Салғараұлы, ақын Б.С.Қошым-Ноғай т.б. бірауыздан Алтын орда ханы Өзбекұлы Жәнібекті (1342-1357) Әз-Жәнібек деп ортақ шешімге келгендей болды. Осыған қарамастан соңғы кезге дейін, әсіресе әдебиетші-ғалымдарымыз тәуелсіздік жылдары жарық көрген тарихшылардың зерттеулерін «айналып өтіп», қазақ ханы Жәнібекті Әз-Жәнібек ретінде бейнелеп, Асан Қайғы бабамызды соңғысының бас уәзірі һәм ақылшысы етіп көрсетуді  әдетке айналдырды. Қарапайым оқырманды былай қойғанда, кәсіби мамандардың өзі шатаса бастады. Жәнібектанудағы «ақтаңдақтардың» ақиқатын аршып алу қай зерттеушіге де оңай болмай тұр. Оның бірнеше себептері бар. Негізгісі, деректердің жұтаңдығы, екіншісі, осы мәселеге қатысты алғашқы зерттеулердегі жаңсақтықтар, үшіншісі, Асан Қайғы заманынан жеткен жыр-аңыздарды талдаудағы кереғарлықтар.
 +
Алтын орда ханы Өзбекұлы Жәнібектің ата-бабасының шежіресін тарқатайық. Әл-Ахаридің «Шайх-Увайс» дерегіне сенсек, бұл әулеттің шежіресі Жәнібек – Өзбек – Тұғрылша – Мөңке Темір – Тоқан–Бату– Жошы – Шыңғыс хан (Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. Т.2. М-Л., 1941. с.62.). Басқа дереккөздерден біз Өзбектің шын мәнінде Тұғрылшаның ұлы, демек Батудың ұрпағы екенін талассыз айғақтайтын мәлімет таппаймыз. М.Г.Сапарғалиевтің пікірінше, Батудың тұқымы Тоқтамен бітуі, ал Өзбек уақыт өте бүкіл билікке қол жеткізген жалған атты болуы әбден мүмкін (Сапаргалиев М.Г. Распад Золотой Орды, с.65-71.).
  
[[1456]] ж. [[Дешті-Қыпшақ|Дешті-Қыпшақта]] шайбанид [[Әбілхайыр]] билікті қолына алған соң, көшпенді халықтың Жәнібек пен [[Керей хан|Керей]] бастаған бір бөлігі [[Моғолстан|Моғолстанға]] қоныс аударып, [[Шу]] мен [[Қозыбасы]] өзендерінің аңғарында орын тепті. [[Моғолстан]] ханы өз қарсыластарымен болатын күресте көмектесер деген есеппен қазақ басшыларымен одақтас болды. Өзара қырқысулар мен соғыстардан жапа шеккен 200 мыңға жуық көшпенділер Жәнібек хан мен [[Керей хан|Керей ханның]] маңына топтасты, олардың билігінің күшеюі [[1468]] ж. [[Моғолстан|Моғолстанға]] әскери жорық жасамақ болып, бірақ жол үстінде кенеттен қайтыс болған [[Әбілқайыр|Әбілқайырға]] олар тарапынан қауіп төнуі мүмкін деген ой салды.
+
Му'ин ад – дин Натанзидің «Мунтахаб ат – таварих – и Му'ини» деген еңбегі Қазақстан тарихын зерттеу үшін құнды деректеме болып табылады. «Ескендір анонимі» деген атаумен белгілі бұл ортағасырлық қолжазбаның авторы Өзбек хан хақында: «Ол әділ және мейірімді патша еді, асқан діншіл әрі тақуа болғаны сондай, пайғамбар жолын ұстанды; кемшілігі үшін пұшайман болып, қажет еткен кісілерге қайыр, жақсылық көрсетіп, кешірім өтінді. Ол билік еткен жылдарда Дешті Қыпшақ, Аллаһқа сенетін елге айналды» (Му'ин ад – Дин Натанзи. Аноним Искандара // Тизенгаузен В.Г.  Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды: Извлечения из персидских сочинений М.;Л.,1941. Т.2.С.126 – 138.) деп жазуы назар аударарлық. Әйгілі шығыс зерттеушісі Лев Гумилев: «өзінің алдындағы хан Тохтуды (Тоқта деп те жазылады –Ж.Ж.) у беріп өлтірген өктем билік иесі аяушылығы жоқ басқыншы және қатігез Өзбек» ( Гумилев Л. Мені евразиялық деп атайды. –А., 1991. 12,14-б.), - деп атап өткен. Жәнібектің әкесі Өзбектің өмірі мен жеке басының қасиеттері туралы деректер қайшылықты. 1341 жылы Алтын Ордада Өзбек хан кенеттен дүние салды. Өзбек хан өлімі оның ұлдарының яғни тақ мұрагерлері арасында ауызбірліктің жоқ екендігін көрсетіп қана қойған жоқ, Алтын Орда мемлекетінде ішкі қайшылықтың бар екенін айқындап берді. Өзбек ханның өзі тақ мұрагері ретінде атап кеткен ұлы Тыныбек «Шайх-Увайс» жазбасына қарағанда, көп ұзамай бауыры Жәнібектің қолынан мерт болған (Тизенгаузен, Т-2. с.101.). Ал «Тарих ал-Малик ан-Насир Мухаммед ибн Кулан уа ауладуху» дерегінде Жәнібек пен шешесі Тайдулла ханымның бірігіп, Тыныбекті Сарайшықта өлтіргені баяндалады (Тизенгаузен, Т-1, с.252). Ортағасырлық шығыс билеушілері үшін Алтын Орда сияқты ұлы мемлекеттің бас тағын иелену жолында мұндай әдет жат саналмайтын. Осынау тарихи үрдістің иірімінен Жәнібек сияқты болашақ «ғазиз» ханда шет қала алмаған. Бұл жолы да «қан сасыған хан сарайы» өзінің ойын ережелеріне бағынған «ойыншыларының» саясатта мерейі үстем һәм мәртебесі асқақ екендігін дәлелдеді. Кейін өз тағдыры да дәл осылай тәмам боларын сол мезетте қанша сұңғыла болса да Жәнібек те білмеген болар. Пенденің фәни дүниеде жасаған қай амалы да бақиға кетпейтінін Әз-Жәнібек тағдыры тағы бір мәрте дәлелдегендей болды.
  
[[Әбілқайыр хан]] өлімінен кейін хан тағы үшін болған өзара қырқысулар [[Дешті-Қыпшақ|Дешті-Қыпшақта]] өрши түсті, оған туған жерге оралуды көздеп жүрген Жәнібек хан мен [[Керей хан]] да араласып кетті. Олар [[Әбілқайыр]] мұрагері [[Шейх-Хайдар хан|Шейх-Хайдар ханмен]] кескілескен шайқасқа түсті. Өз әміршілері тарапынан ешқандай көмек ала алмаған [[Шейх-Хайдар]] билік үшін күресте жеңіліске ұшырады. Бұдан кейін [[Дешті-Қыпшақта|Дешті-Қыпшақтағы]]] билік [[Орыс хан|Орыс ханның]] тұқымдары — Жәніібек хан мен [[Керей хан|Керей ханның]] қолдарына өтті. Олар тағы да отыз жыл бойы шайбанилықтармен табан тіресе шайқасты.
+
Әз-Жәнібектің өмірі мен қызметін ХІV ғасырда өмір сүрген ұлы тарихшы Му'ин ад-дин Натанзи  «Ескендір анонимі» атты еңбегінде Жәнібек хан туралы «оның әділдігі Ануширван (атақты парсы патшасы-Ж.Ж.) әділдігінен бір де кем соқпайды. Ол Өзбек Ұлысын тұтас исламға бағындырды, пұтқа табынушылардың храмдарын түгел қиратып, көптеген мешіт, медресе салдырды. Ислам дінін ұстанған адамдардың жағдайларының жақсы болуына басты назар аударды. Жан-жақтағы ислам елдерінен неше түрлі оқымысты, ғалымдар осы сарайға қарай ағылды. Елдегі әмірлердің ұлдары білімдерін жан-жақты жетілдіріп ғылымға мойын бұрды, олар заманының озық ойлы азаматтарына айналды, күні бүгінге дейін олардың айтқан пікірлері, қорытқан ойлары жиын-тойда ескеріліп тұрады. Исламның басқа елдерде ұстанатын әдет-ғұрып, салт-жораларын бұл мемлекетке енгізген сол» (Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. Т.2. М-Л., 1941. С. 128),- деп сүйсіне жазды. Мұндай пікірлерді ортағасырлық түркі деректемелері, соның ішінде Маулана Мұхаммед Достының ұлы Өтеміс қажының «Шыңғыснама» тарихи шығармасы да: «Даңқты әзірет Жәнібек хан – оған Алланың рақымы жаусын – әкесінің тағына отырып хан болғанда оның әділдігі, әулиелігі мен дарқандылығы елге мәлім болды, Дешті Қыпшақ уәлаятында ақ жолдан таймайтын, адал да қуатты, теңдесі жоқ патша болып, атасының бүкіл мемлекетіне әмірін жүргізді» (Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері. 1.т. Өтеміс Қажы. Шыңғыс-наме –А., 2005. 180-б.)» деп  қуаттай түседі. Ал «Таварих-и гузида-йи нусрат-наменің («Жеңістер кітабының таңдамалы тарихы») авторы ол туралы «Жәнібек Дешті Қыпшақ елінің ханы болды. Халық оған дене болса, ол халықтың жаны болды» деп жазды (Материалы по истории казахских ханств в ХV-ХҮІІІ вв. Алма-Ата, 1969. С.33). Келтірілген деректерді уақытында жан-жақты саралаған Л. Гумилев Жәнібек ханның әкесіндей емес мейірімді, һәм әділетті жан болғанын атап өткен (Гумилев Л. Көрсетілген еңбек. 14-б.).
  
Биліктің [[Орыс хан]] тұқымдарының қолына өтуі де «Көшпелі өзбектер мемлекетіндегі» саяси жағдайды өзгерткен жоқ. Дегенмен, бұл оқиға «Көшпелі өзбектер мемлекеті» атының [[Дешті-Қыпшақ]] болып өзгеруіне ықпал етті. Бір кездері [[Моғолстан|Моғолстанға]] қоныс аударған адамдар [[Өзбек ұлысы|Өзбек ұлысында]] «қазақтар» деп атала бастады және бұл атау бүкіл хандыққа тарай бастады. Билік үшін күрес Жәнібек хан мен оның үзеңгілестері қазақтардың бірігуі мен [[Қазақ хандығы|Қазақ хандығының]] құрылуына үлес қосты.
+
Қазақтың ұлы ғалымы Ш.Уәлиханов өмір сүрген заманда орыстың белгілі археологы, шығыстанушы, нумизмат тарихшы П.С.Савельевтің ғылыми тұрғыда әлі күнге маңызын жоғалтпаған құнды еңбегі дүниеге келді. Бұл еңбектегі ғылыми тұрғыда талданған нумизматикалық деректер қазақ тарихы үшін бірегей керемет. Ақиқатын айтар болсақ, орыс ғалымының бұл зерттеуіне қазақ қауымы қарыздар. Зерттеуші нумизматикалық жәдігерліктерге  иек артып,  Әз-Жәнібек хан есімі бедерленген теңгелердің Хорезм қаласында хижраның 700-751 жылдарынан (1350жыл) құйыла бастағанын баяндайды.
  
[[15 ғ.]] орта шанінде ежелден [[Жетісу]] өңірін мекендеген түркі тайпалары бір этникалық топқа біріге келе, [[қазақтар|қазақ халқын]] құрады. Жәнібек хан мен [[Керей хан]] [[Жетісу]] өңірі, [[Шу]] мен [[Талас]] өзендерінің бойын мекендеген қазақтардың басын қосуда көп еңбек сіңірді. Бұл мақсатпен олар өзара қырқысуларды басып, ірі феодалдарды маңайына топтастырды.
+
Әз-Жәнібектің ел билеген тұсында  құйылған теңгенің бір жағында араб қарпімен «әл-сұлтан әл-ғадл ғазиз Жанибек хан», екінші жағында «харб/сы/Гүлстан әл-джәдид» (1-сурет) деген сөздер таңбаланған. Соңғы жылдары Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының ғылыми қызметкерлері Жәнібек ауданындағы Жаңатұрмыс обасынан 1353-1354жж. Гүлстандағы теңге сарайында құйылған Әз-Жәнібек хан дәуірінің теңгесін тапты (2-сурет)(Сдыков М.Н. Батыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени және табиғат мұралары ескерткіштері.-Орал,2009ж.-Жәнібек ауданы.Т10.184-б.). Деректерге сүйенсек, Жәнібек хан кезінде Гүлстан ірі портты қалаға айналады. 1347 жылы осы Гүлстан портында Жәнібек Венеция саудагерлерімен сауда келісімін жасаған. М.Әбсеметовтің пікірінше, бұл порт бүгінгі Атырау қаласының маңы болуы мүмкін (Абсеметов М. Таможенное дело Казахстана. А., 2001. с.41.). Нумизмат тарихшы П.С.Савельев Әз-Жәнібек бақилық болғаннан кейін де, әйгілі ханның есімі бедерленген теңгелердің соғылғандығы хақында хабарлайды. Біз үшін аса құнды жәдігер саналатын сол теңгелердің бірінде «әл-сұлтан әл-мархұм ғазиз Жанибек хан» (3-сурет) деген тіркес оймышталған. Ғалым зерттеген нумизматикалық деректерге қарағанда Жәнібек хан билікке келгеннен кейін құйылған алғашқы теңгелерде «әз» (ғазиз) атанбаған, тек он шақты жылдан соң ғана осы атақты иеленген тәрізді. Оған дәлел, теңгенің бір бетінде «әл-сұлтан әл-ғадл Жанибек хан», ал екінші бетінде «хәрб/сы/Харезм әл-джәдид 754» (4-сурет) деген сөздер ойып жазылған  (Савельев П.С. Монеты джучидов, джагатаидов, джалаиридов и другие, обращавшиеся к Золотой Орде в эпоху Тохтамыша. Вып. 2. СПб., 1858, с.299,304-305.). Тұңғыш бұл деректі қазақ оқырмандарына журналист М.Имашев таныстырса, бертін келе ақын Б.С.Қошым-Ноғай аталмыш мәселеге жұртшылықтың тағы бір мәрте назарын аударды.
  
Жәнібек ханның [[Дешті-Қыпшақ|Дешті-Қыпшаққа]] оралғаннан кейін билігін күшейткені туралы, өмірінің соңғы жылдары мен өлімі туралы деректер жоқ. Оның есімі тарихи деректерде соңғы рет [[1473]] ж. кездеседі. Бұдан кейінгі жылдары [[Керей хан]] туралы ғана айтылған. Жәнібек хан жиі болатын шайқастардың бірінде қаза тапқан деп болжауға болады. Сақталып қалған халық аңыздары мен өлеңдерінде Жәнібек ханды Әз Жәнібек деп атаған.
+
        Шыңғыс ұрпақтарынан болған хандардың өздерінің ұстанған саясаттарына сай келетін тарихтарын жаздырып қалдыруы ертеден дәстүрге айналған болатын. Хиуа ханы (1645-1663), шығыс әдебиеті мен мәдениетінің асқан білгірі Әбілғазы баһадүр ханның «Шежіре-и түркі» («Түркі шежіресі»)  атты  тарихи шығармасының деректемелік маңызы өте зор. Ол өзінің еңбегінде: «Өзбек хан өлгеннен соң оның ұлы Жәнібекті хан көтерді. Жәнібек хан ғажайып мұсылман патша болды, өзі ғұлама, ибалы, ақылды кісі еді. Сарайшық шаһарында таққа отырды, шариғатты қатаң сақтар еді... Ұлы Бердібекті Әзірбайжанға әкім етіп, өзі жұртына қайтып келді. Одан соң ауруға шалдығып, ол ұзаққа созылды. Хан: «Енді мен бұл аурудан жазылмаймын», - деп, Әзірбайжандағы ұлы Бердібекті шақыртты. Бердібек хан келіп жеткенше, Жәнібекке уақыт болды. Ол қайтыс болар алдында халқын жиып ,оларға көп насихаттар айтты. Хижраның жеті жүз елу сегізінші жылы қайтыс болды, ол он жеті жыл патшалық құрды, Сарайшықта жерленді» (Әбілғазы. Түрік шежіресі. – А., 2006. 114-115-бб.),- деп жазды. Му'ин ад-дин  Натанзидің дерегінде, Әз-Жәнібектің өлімі басқаша анықталып, оқиғаның қалай өрбігені төмендегіше баяндалады: «Бердібек таққа отырғасын 6 айдан соң, Жәнібек хан науқасқа шалдықты. Мемлекетіндегі басты тұлғалардың бірі Тоғлу бай (деректерде Туғлы-би, Тавлубий, Тувлубий – Ж.Ж.) Әзербайжанға жедел кісі аттандырады, Бердібекті шақыртады. Әкесі көз жұма қалса, таққа ие болатын сол. Дешті Қыпшақ тағын тақымына бір қысуды көксеп жүрген Бердібек Әзербайжанды тастап, Дербент арқылы жеделдете Ордаға жөнеледі. Он шақты серігімен түн жамылып келіп, Тоғлу байдың үйіне түседі. Күтпеген жерден Жәнібек хан беті бері қарап басын көтереді, айыққандай болады. Сөйтіп, ертеңіне кеңеске қатысқысы келетінін айтады. Сенімді кісілерінің бірі Жәнібекке Бердібектің келгенін жеткізеді. Мына хабар мазасын қашырған ол мұны Тоғай Тоғлу хатунға айтады. Хатун ұлын қорғаштап, мұның жалған екеніне сендірмек болады. Жәнібек одан Тоғлу байды жеке қабылдауына шақыртады, осының бәрін бастап жүрген сол Тоғлу бай екенін білмейтін хан мына жайды құпия түрде оған да айтады. Тоғлу бай бірден секем алып, мән-жайды біліп келейін деген сылтаумен тысқа шығады да, ізінше өзіне жақтас бірнеше адаммен қайта кіреді, сол жерде бірден Жәнібекті жайратып салады» (Греков Б.Д., Якубовский А.Ю. Золотая Орда и ее падение. Москва – Ленинград: «издательство Академии наук СССР».1950. 269-270-бб.; Бегалин Қ. Алтын Орда хандары. – А., 2007. 147-148-бб.)
 +
 
 +
Түйін. Сонымен қазақ халқы алтынордалық Жәнібек ханды «Әз-Жәнібек» атандырған, ал бұл атаудың отандық тарих ғылымында Қазақ хандығының негізін салушы ретінде мойындалып келген Жәнібек (Әбу Саид) Барақұлына еш қатысы жоқ. Өйткені, Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» толғауындағы:
 +
 
 +
Алты жыл балшық бастырып,
 +
 
 +
Тоғыз жыл керіш соқтырып,
 +
 
 +
Сусынын шайға қандырып,
 +
 
 +
Хандығына жұртын нандырып,
 +
 
 +
Адыра қалғыр, Аштархан,
 +
 
 +
Әз-Жәнібек хан салдырып.
 +
 
 +
Ақылын кәуірге алдырып,
 +
 
 +
Айласы құрып кеткен жер,-
 +
 
 +
деген жыр жолдары Алтын Орда билеушісі, Жәнібек Өзбекұлына ғана қатысты.
 +
 
 +
Келтірілген әртүрлі тарихи деректерді: нумизматикалық жәдігерлерді, жыр-аңыздарды, толғауларды, кәсіби мамандардың тың ойларын саралай келе, біз осыған дейін Әз-Жәнібек деп жүрген ханның Қазақ хандығының негізін қалаған Барақұлы Жәнібек емес, Алтын Орда ханы Өзбекұлы Жәнібек екендігін тағы бір мәрте тиянақтадық. Өкініштісі,  тәуелсіздігімізге 20 жыл толса да, академиялық басылым Қазақстан тарихының 2-томындағы Әз-Жәнібек туралы мағлұмат сын көтермейді. Жалпы орта білім беретін мектеп оқулықтарындағы мәлімет те солай.
 +
'''
 +
Асан Қайғы қай Жәнібектің замандасы?'''
 +
 
 +
Аштархан деген үлкен шәр,
 +
 
 +
Әз Жәнібек ханыңның.
 +
 
 +
Өз қолынан салдырған,
 +
 
 +
Қаласын салған жерлерде,
 +
 
 +
Сан бұлағы көрінген.
 +
 
 +
Ақ Еділдің жағасы,
 +
 
 +
Асан Қайғы, Жиренше,
 +
 
 +
Әз Жәнібек ханыңның
 +
 
 +
Тұсында болған данасы.
 +
 
 +
(Шынияз Шанайұлы, ХІХ ғ.)
 +
 
 +
Әз-Жәнібектің қай Жәнібек екендігі жөнінде тарихшылар бірыңғай ортақ пікірге келгенімен, Асан Қайғының қай Жәнібектің замандасы екендігі тарихи әдебиетте әлі күнге басы ашылмаған мәселе күйінде қалып отыр. Бұл екі мәселе шындығында бір-бірінен еш ажырағысыз. Әйгілі жыраудың өмір сүрген мерзімі туралы нақты тарихи деректердің жоқтығынан көп нәрселер ауыздан-ауызға бұрмаланып жетіп, Асан Қайғы бейнесі бүгінде мейлінше аңызға айналған. Асан Қайғы жөніндегі тарихи деректерде бірізділіктің жоқтығы да осы жағдайлармен байланысты. Халық аузындағы аңыздарда Әз-Жәнібекпен  қатар айтылатын данагөй абыз, өз заманының сұңғыла саясаткері, қабырғалы қайраткері һәм қиядағыны болжайтын көрікпел әулиесі Асан Қайғының қай Жәнібектің замандасы екендігін анықтауда әртүрлі көзқарастар  қайта көтеріліп, зерттеушілердің пікірлері бір тоқтамға келмей, мәселе шешілмеген күйінде қалып отыр. Оған мүмкіндік бермей отырған,біріншіден, нақты деректердің жоқтығы,екіншіден, зерттеушілер дереккөзі ретінде пайдаланып жүрген Асан Қайғы толғауларын талдаудағы қарама-қайшылықтар болса,үшіншіден,бірқатар ғалымдардың жырауды фольклордағы жиынтық бейне екенін дәлелдеуге ұмтылуы. Бізге жеткен жыр-аңыздардың сарыны  Асан Қайғыны Алтын Орда ханы Әз-Жәнібектің замандасы ретінде бейнелейтініне қарамастан,кейбір зерттеушілер, сол тирадалардың қайсыбір  үзінділерінің мазмұнын-  қазақ ханы Жәнібектің заманындағы миграциялық үдерістермен  байланыстыра қарастырудан аса алмай жүр.
 +
Асан Қайғы жырларының ноғай нұсқаларын саралай келе ,«Ноғайлардың ата-бабаларын Мәуереннахрдан Еділге бастап әкелген аты аңызға айналған Әз-Жәнібек пен Барақ ұлы Жәнібек хандардың бейнесі (Асан Қайғы жырларында – Ж.Ж.) араласып кетуі мүмкін» (Трепавлов В.В.История Ногайской Орды.М.,2002.104-б.) екендігіне назар аударған. Ресейлік  зерттеуші атақты жыраудың Алтын Орданың әйгілі ханы Әз-Жәнібектің замандасы болуы мүмкін-ау деген қисынға мүлде мән бермегенімен, жыраудың ноғайларда сақталған өлеңдерінің мазмұнынан Әз-Жәнібектің тарихи тұлғасына сәйкесетін үзіктердің ұшқынын байқаған.
 +
Асан Қайғының қазақ ханы Жәнібекке айтты делініп жүрген  толғауы тарихшы – ғалымдар тарапынан соңғы кезге дейін зерттеу нысаны ретінде арнайы қарастырылмағандығын баса көрсетеміз.Осыдан басқа жыр-аңыздар мен толғаулардың мазмұны Асан Қайғыны қазақ ханы Жәнібек заманында  өмір сүрді деген көзқарасты бекітуге  мүмкіндік бермейді.Жырда билеушінің есімі аталмағандықтан ақылман абыздың осы толғауды қазақ ханы  Жәнібекке арнап айтқаны күмән  тудырады, тек бұл емес, жіктей берсек жырда күдік тудыратын нәрселер жеткілікті.
 +
 
 +
Бірінші. Керей мен  Жәнібек бастаған қазақтардың қалың бұқарасының  Шайбани Әбілқайыр хан өлімінен кейін Батыс Жетісудан бастап «Еділге дейін созылған шеруі» басқа тарихи деректермен неге мақұлданбайды? Шу мен Еділ өзендері аралығындағы осындай «ұлы қоныс аударудың» ортағасырлық деректемелердің назарынан тыс қалуы неліктен? Моғолстан тарихын  жан-жақты зерттеген  М.Х.Дулати атақты «Тарих-и Рашиди» еңбегінде осы мәселе туралы неге үнсіз?
 +
 
 +
Екінші. М.Х.Дулати  дерегінше,  Қазақ хандығының құрылуы сияқты аса маңызды оқиғада рөлі Жәнібектен басым болып, нағыз хан дәрежесінде көрінетін Керей туралы -Асан Қайғының ләм деп ауыз ашпауы жыраудың сол заманда өмір сүргендігіне күмәнді күшейте түседі. Осы жерде талантты зерттеуші, марқұм С.Қондыбайдың «қазақтың фольклорлық жады Жәнібек пен Керей туралы ештеңе білген жоқ» (Қондыбай С. Қобыланды батырдың үш ғұмыры. «Алтын Орда» газеті. 22.03.02),- деу себебіне көз жіберген дұрыс.
 +
 
 +
Үшінші. Асан Қайғы жырларын зерттеуші Баян Бораш әділ байқағандай, біз Асан Қайғы шығармашылығы түгел жинақталып, реттеліп болды деп айта алмаймыз. Оған кешегіге дейін Асандікі деп жүрген белгілі толғаудың («Таза мінсіз асыл тас...») оның толғауы еместігі дәлелденгендігі куә. Сонымен қатар оған телініп жүрген жыр нұсқаларының қайсыбір ерекшеліктері бойынша жыраудікі болмауы мүмкін... Сондықтан ондай күмән туған нұсқаларға мәтін танымдық зерттеулер қажет                (БорашБ.Т. Фольклор мен ақын-жырау поэзиясындағы хандар бейнесі.А.,2007. 375-376- бб.).
 +
 
 +
Төртінші. Ноғай, қазақ және башқұрт фольклорында «Ұлы Татариядан» немесе «Бұхарадан» Еділге өту кезінде ноғайларды бастаған Әз-Жәнібек туралы мәліметтер сақталған. (Корнис В.Краткий обзор положения ногайских татар, водворенных в Мелитопольском уезде Таврической губернии//Телескоп.М.,1836.ч.33.с.5;Нестеров А. Прошлое приаральских степей в преданиях Казалинского уезда//ЗВОРАО.1900.Т.12.с.103;Филоненко В.И.Башкиры.Уфа,1915.с.12). Ноғай аңыздарында айтылатын Әз-Жәнібек көшінің астарында біз көтеріп отырған мәселеге тікелей қатынасты, ғылыми ортаға әлі күнге  беймәлім бір құпия сыр жатқандай көрінеді.Бізге  Құдабай ақын арқылы жеткен «Асанның асыл түбі ноғай деймін...,Тегінде ноғай-қазақ түбіміз бір» деген жыр жолдары мен Әз-Жәнібек бастаған ноғайлар көшінің арасында- байқаған адамға бір байланыстың бар екені аңғарылып тұр. Қазақ шежірелерінде бұл қазақ ноғайлының ханы Әз-Жәнібек ханға қарап тұрдық делінген.Осы билеушінің есімі бедерленген теңгелер алтынордалық Гүлстан қаласында 767/1365-1366 жылдары құйылғаны жоғарыда айтылды.Аталған  деректер негізінде орыс тарихшысы  В.В.Трепавлов маңғыттардың үлкен бөлігінің оңтүстік-шығыстан басталған белгілі қоныс аударуы 1350-1360 жылдары болған деп жорамал жасайды. Біздің көзқарасымызша, бұл сол тұста  Асан Қайғының Әз-Жәнібекке айтқан жыры болуы да мүмкін. Әрі қарай ғалым былай дейді: «Сол уақытқа дейін Алтын Ордада халықтардың қандай-да бір ірі қоныс ауыстыруының болғандығы белгісіз, мұндай көштің болуы да мүмкін емес» (Трепавлов В.В.Көрсетілген еңбек.57-б.). В.В.Трепавловтың пікірінше, Өзбекұлы Жәнібек ханның өлімінен (1357ж.) соң басталған дүрбелең барысында Дешті Қыпшақ жұртының «үдере  көшуі»  басталған. Мұны төмендегі қазақ аңызы да растай түседі.
 +
 
 +
Бесінші. Ш.Уәлихановтың: «Қазақтардың аңызында, Алаша ханның балаларының басы кесілгеннен кейінгі хан Жәнібек (Барақтың ұлы) дегенімен, ертедегі асыл сөздерде Жошы әулетінен шыққан Жәнібек те қазақтың бірінші ханы болған деседі. Әбілғазы да Жошы балаларын қазақтардың хандары дейді. Жәнібек билік құрғанда, туыстас қазақтар мен ноғайлар бірге көшіп- қонған, ол кез қазақ жырларында алтын ғасыр деп аталады. Қазақтардың көптеген аңыз-дастандары да сол алтын ғасырға дөп келеді. Сондай-ақ, Жиренше шешеннің бірлік, тәлім-тәрбиелік нақылдары, әділ хан  Әз-Жәнібек те, Ноғайлардың философ-данасы Асан Қайғы да осы күнге дейін далалықтардың аузынан түспейді. Ескі аңыз желісінде- алтын ғасырдың соңында халықтың тоз-тозы шығып, оңтүстіктен солтүстікке қарай босу басталған...» (Уәлиханов Ш. Таңдамалы. 2-басылуы, А., 1985, 124-бет) деп жазуы назар аударарлық.
 +
 
 +
Қорыта келгенде,екінің бірі:иә, бұл жыр Асанның Әз-Жәнібектің  өзіне арнап  айтқаны немесе аңыз бойынша ғасырға жуық өмір сүрген жырау Әз- Жәнібектен басқа да ел билеушілерімен замандас болып, солардың  біріне шығарған толғауы болуы да мүмкін,осы  шумақтарды  тек қазақ ханы Жәнібекке ғана бағыттала айтылған  деп анықтау -тарихи шындыққа  қайшы.
  
 
= Өмір сүрген кезеңі =
 
= Өмір сүрген кезеңі =

21:22, 2012 ж. қазанның 25 кезіндегі түзету

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер «Жәнібек» атауы қазақ тарихындағы атақты екі Жәнібек ханның қайсысының есімімен байланысты болуы мүмкін деген сауал тарихшы ретінде бізді жиі ойландырады. Аталған қос Жәнібек: яғни Алтын орда ханы Өзбекұлы Жәнібек (1342-1357) пен өлке тарихындағы орны әлі түпкілікті анықталмағанына қарамастан, Қазақ хандығының негізін қалаған Барақұлы Жәнібектің де (шамамен 1473-1474) туған өңіріміздің тарихына қатысы бар екені тарихи әдебиетте баяндалады. Әз-Жәнібек хан тарихы тәуелсіздік жылдарында зерттеушілердің, ғылыми-көпшілік қауымның қызығушылығын оятып, жұртшылықтың назарын өзіне тағы аудара бастады. Аталмыш мәселе туралы соңғы жылдары жаңа көзқарастағы пікірлер көтеріліп, бірнеше мақалалар дүниеге келді. Мұны мойындамау-ақиқатқа қиянат. Тарихшылар Ж.Артықбаев, Б.Ермұқанов, И.Шәмшәтұлы, Т.Омарбеков,Ш.Омарбеков, Б.Кәрібаев, М.Қасенов ,жазушы Қ.Салғараұлы, ақын Б.С.Қошым-Ноғай т.б. бірауыздан Алтын орда ханы Өзбекұлы Жәнібекті (1342-1357) Әз-Жәнібек деп ортақ шешімге келгендей болды. Осыған қарамастан соңғы кезге дейін, әсіресе әдебиетші-ғалымдарымыз тәуелсіздік жылдары жарық көрген тарихшылардың зерттеулерін «айналып өтіп», қазақ ханы Жәнібекті Әз-Жәнібек ретінде бейнелеп, Асан Қайғы бабамызды соңғысының бас уәзірі һәм ақылшысы етіп көрсетуді әдетке айналдырды. Қарапайым оқырманды былай қойғанда, кәсіби мамандардың өзі шатаса бастады. Жәнібектанудағы «ақтаңдақтардың» ақиқатын аршып алу қай зерттеушіге де оңай болмай тұр. Оның бірнеше себептері бар. Негізгісі, деректердің жұтаңдығы, екіншісі, осы мәселеге қатысты алғашқы зерттеулердегі жаңсақтықтар, үшіншісі, Асан Қайғы заманынан жеткен жыр-аңыздарды талдаудағы кереғарлықтар. Алтын орда ханы Өзбекұлы Жәнібектің ата-бабасының шежіресін тарқатайық. Әл-Ахаридің «Шайх-Увайс» дерегіне сенсек, бұл әулеттің шежіресі Жәнібек – Өзбек – Тұғрылша – Мөңке Темір – Тоқан–Бату– Жошы – Шыңғыс хан (Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. Т.2. М-Л., 1941. с.62.). Басқа дереккөздерден біз Өзбектің шын мәнінде Тұғрылшаның ұлы, демек Батудың ұрпағы екенін талассыз айғақтайтын мәлімет таппаймыз. М.Г.Сапарғалиевтің пікірінше, Батудың тұқымы Тоқтамен бітуі, ал Өзбек уақыт өте бүкіл билікке қол жеткізген жалған атты болуы әбден мүмкін (Сапаргалиев М.Г. Распад Золотой Орды, с.65-71.).

Му'ин ад – дин Натанзидің «Мунтахаб ат – таварих – и Му'ини» деген еңбегі Қазақстан тарихын зерттеу үшін құнды деректеме болып табылады.  «Ескендір анонимі» деген атаумен белгілі бұл ортағасырлық қолжазбаның авторы Өзбек хан хақында: «Ол әділ және мейірімді патша еді, асқан діншіл әрі тақуа болғаны сондай, пайғамбар жолын ұстанды; кемшілігі үшін пұшайман болып, қажет еткен кісілерге қайыр, жақсылық көрсетіп, кешірім өтінді. Ол билік еткен жылдарда Дешті Қыпшақ, Аллаһқа сенетін елге айналды» (Му'ин ад – Дин Натанзи. Аноним Искандара // Тизенгаузен В.Г.  Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды: Извлечения из персидских сочинений М.;Л.,1941. Т.2.С.126 – 138.) деп жазуы назар аударарлық. Әйгілі шығыс зерттеушісі Лев Гумилев: «өзінің алдындағы хан Тохтуды (Тоқта деп те жазылады –Ж.Ж.) у беріп өлтірген өктем билік иесі аяушылығы жоқ басқыншы және қатігез Өзбек» ( Гумилев Л. Мені евразиялық деп атайды. –А., 1991. 12,14-б.), - деп атап өткен. Жәнібектің әкесі Өзбектің өмірі мен жеке басының қасиеттері туралы деректер қайшылықты. 1341 жылы Алтын Ордада Өзбек хан кенеттен дүние салды. Өзбек хан өлімі оның ұлдарының яғни тақ мұрагерлері арасында ауызбірліктің жоқ екендігін көрсетіп қана қойған жоқ, Алтын Орда мемлекетінде ішкі қайшылықтың бар екенін айқындап берді. Өзбек ханның өзі тақ мұрагері ретінде атап кеткен ұлы Тыныбек «Шайх-Увайс» жазбасына қарағанда, көп ұзамай бауыры Жәнібектің қолынан мерт болған (Тизенгаузен, Т-2. с.101.). Ал «Тарих ал-Малик ан-Насир Мухаммед ибн Кулан уа ауладуху» дерегінде Жәнібек пен шешесі Тайдулла ханымның бірігіп, Тыныбекті Сарайшықта өлтіргені баяндалады (Тизенгаузен, Т-1, с.252). Ортағасырлық шығыс билеушілері үшін Алтын Орда сияқты ұлы мемлекеттің бас тағын иелену жолында мұндай әдет жат саналмайтын. Осынау тарихи үрдістің иірімінен Жәнібек сияқты болашақ «ғазиз» ханда шет қала алмаған. Бұл жолы да «қан сасыған хан сарайы» өзінің ойын ережелеріне бағынған «ойыншыларының» саясатта мерейі үстем һәм мәртебесі асқақ екендігін дәлелдеді. Кейін өз тағдыры да дәл осылай тәмам боларын сол мезетте қанша сұңғыла болса да Жәнібек те білмеген болар. Пенденің фәни дүниеде жасаған қай амалы да бақиға кетпейтінін Әз-Жәнібек тағдыры тағы бір мәрте дәлелдегендей болды.

Әз-Жәнібектің өмірі мен қызметін ХІV ғасырда өмір сүрген ұлы тарихшы Му'ин ад-дин Натанзи «Ескендір анонимі» атты еңбегінде Жәнібек хан туралы «оның әділдігі Ануширван (атақты парсы патшасы-Ж.Ж.) әділдігінен бір де кем соқпайды. Ол Өзбек Ұлысын тұтас исламға бағындырды, пұтқа табынушылардың храмдарын түгел қиратып, көптеген мешіт, медресе салдырды. Ислам дінін ұстанған адамдардың жағдайларының жақсы болуына басты назар аударды. Жан-жақтағы ислам елдерінен неше түрлі оқымысты, ғалымдар осы сарайға қарай ағылды. Елдегі әмірлердің ұлдары білімдерін жан-жақты жетілдіріп ғылымға мойын бұрды, олар заманының озық ойлы азаматтарына айналды, күні бүгінге дейін олардың айтқан пікірлері, қорытқан ойлары жиын-тойда ескеріліп тұрады. Исламның басқа елдерде ұстанатын әдет-ғұрып, салт-жораларын бұл мемлекетке енгізген сол» (Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. Т.2. М-Л., 1941. С. 128),- деп сүйсіне жазды. Мұндай пікірлерді ортағасырлық түркі деректемелері, соның ішінде Маулана Мұхаммед Достының ұлы Өтеміс қажының «Шыңғыснама» тарихи шығармасы да: «Даңқты әзірет Жәнібек хан – оған Алланың рақымы жаусын – әкесінің тағына отырып хан болғанда оның әділдігі, әулиелігі мен дарқандылығы елге мәлім болды, Дешті Қыпшақ уәлаятында ақ жолдан таймайтын, адал да қуатты, теңдесі жоқ патша болып, атасының бүкіл мемлекетіне әмірін жүргізді» (Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері. 1.т. Өтеміс Қажы. Шыңғыс-наме –А., 2005. 180-б.)» деп қуаттай түседі. Ал «Таварих-и гузида-йи нусрат-наменің («Жеңістер кітабының таңдамалы тарихы») авторы ол туралы «Жәнібек Дешті Қыпшақ елінің ханы болды. Халық оған дене болса, ол халықтың жаны болды» деп жазды (Материалы по истории казахских ханств в ХV-ХҮІІІ вв. Алма-Ата, 1969. С.33). Келтірілген деректерді уақытында жан-жақты саралаған Л. Гумилев Жәнібек ханның әкесіндей емес мейірімді, һәм әділетті жан болғанын атап өткен (Гумилев Л. Көрсетілген еңбек. 14-б.).

Қазақтың ұлы ғалымы Ш.Уәлиханов өмір сүрген заманда орыстың белгілі археологы, шығыстанушы, нумизмат тарихшы П.С.Савельевтің ғылыми тұрғыда әлі күнге маңызын жоғалтпаған құнды еңбегі дүниеге келді. Бұл еңбектегі ғылыми тұрғыда талданған нумизматикалық деректер қазақ тарихы үшін бірегей керемет. Ақиқатын айтар болсақ, орыс ғалымының бұл зерттеуіне қазақ қауымы қарыздар. Зерттеуші нумизматикалық жәдігерліктерге иек артып, Әз-Жәнібек хан есімі бедерленген теңгелердің Хорезм қаласында хижраның 700-751 жылдарынан (1350жыл) құйыла бастағанын баяндайды.

Әз-Жәнібектің ел билеген тұсында құйылған теңгенің бір жағында араб қарпімен «әл-сұлтан әл-ғадл ғазиз Жанибек хан», екінші жағында «харб/сы/Гүлстан әл-джәдид» (1-сурет) деген сөздер таңбаланған. Соңғы жылдары Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының ғылыми қызметкерлері Жәнібек ауданындағы Жаңатұрмыс обасынан 1353-1354жж. Гүлстандағы теңге сарайында құйылған Әз-Жәнібек хан дәуірінің теңгесін тапты (2-сурет)(Сдыков М.Н. Батыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени және табиғат мұралары ескерткіштері.-Орал,2009ж.-Жәнібек ауданы.Т10.184-б.). Деректерге сүйенсек, Жәнібек хан кезінде Гүлстан ірі портты қалаға айналады. 1347 жылы осы Гүлстан портында Жәнібек Венеция саудагерлерімен сауда келісімін жасаған. М.Әбсеметовтің пікірінше, бұл порт бүгінгі Атырау қаласының маңы болуы мүмкін (Абсеметов М. Таможенное дело Казахстана. А., 2001. с.41.). Нумизмат тарихшы П.С.Савельев Әз-Жәнібек бақилық болғаннан кейін де, әйгілі ханның есімі бедерленген теңгелердің соғылғандығы хақында хабарлайды. Біз үшін аса құнды жәдігер саналатын сол теңгелердің бірінде «әл-сұлтан әл-мархұм ғазиз Жанибек хан» (3-сурет) деген тіркес оймышталған. Ғалым зерттеген нумизматикалық деректерге қарағанда Жәнібек хан билікке келгеннен кейін құйылған алғашқы теңгелерде «әз» (ғазиз) атанбаған, тек он шақты жылдан соң ғана осы атақты иеленген тәрізді. Оған дәлел, теңгенің бір бетінде «әл-сұлтан әл-ғадл Жанибек хан», ал екінші бетінде «хәрб/сы/Харезм әл-джәдид 754» (4-сурет) деген сөздер ойып жазылған (Савельев П.С. Монеты джучидов, джагатаидов, джалаиридов и другие, обращавшиеся к Золотой Орде в эпоху Тохтамыша. Вып. 2. СПб., 1858, с.299,304-305.). Тұңғыш бұл деректі қазақ оқырмандарына журналист М.Имашев таныстырса, бертін келе ақын Б.С.Қошым-Ноғай аталмыш мәселеге жұртшылықтың тағы бір мәрте назарын аударды.

       Шыңғыс ұрпақтарынан болған хандардың өздерінің ұстанған саясаттарына сай келетін тарихтарын жаздырып қалдыруы ертеден дәстүрге айналған болатын. Хиуа ханы (1645-1663), шығыс әдебиеті мен мәдениетінің асқан білгірі Әбілғазы баһадүр ханның «Шежіре-и түркі» («Түркі шежіресі»)  атты  тарихи шығармасының деректемелік маңызы өте зор. Ол өзінің еңбегінде: «Өзбек хан өлгеннен соң оның ұлы Жәнібекті хан көтерді. Жәнібек хан ғажайып мұсылман патша болды, өзі ғұлама, ибалы, ақылды кісі еді. Сарайшық шаһарында таққа отырды, шариғатты қатаң сақтар еді... Ұлы Бердібекті Әзірбайжанға әкім етіп, өзі жұртына қайтып келді. Одан соң ауруға шалдығып, ол ұзаққа созылды. Хан: «Енді мен бұл аурудан жазылмаймын», - деп, Әзірбайжандағы ұлы Бердібекті шақыртты. Бердібек хан келіп жеткенше, Жәнібекке уақыт болды. Ол қайтыс болар алдында халқын жиып ,оларға көп насихаттар айтты. Хижраның жеті жүз елу сегізінші жылы қайтыс болды, ол он жеті жыл патшалық құрды, Сарайшықта жерленді» (Әбілғазы. Түрік шежіресі. – А., 2006. 114-115-бб.),- деп жазды. Му'ин ад-дин  Натанзидің дерегінде, Әз-Жәнібектің өлімі басқаша анықталып, оқиғаның қалай өрбігені төмендегіше баяндалады: «Бердібек таққа отырғасын 6 айдан соң, Жәнібек хан науқасқа шалдықты. Мемлекетіндегі басты тұлғалардың бірі Тоғлу бай (деректерде Туғлы-би, Тавлубий, Тувлубий – Ж.Ж.) Әзербайжанға жедел кісі аттандырады, Бердібекті шақыртады. Әкесі көз жұма қалса, таққа ие болатын сол. Дешті Қыпшақ тағын тақымына бір қысуды көксеп жүрген Бердібек Әзербайжанды тастап, Дербент арқылы жеделдете Ордаға жөнеледі. Он шақты серігімен түн жамылып келіп, Тоғлу байдың үйіне түседі. Күтпеген жерден Жәнібек хан беті бері қарап басын көтереді, айыққандай болады. Сөйтіп, ертеңіне кеңеске қатысқысы келетінін айтады. Сенімді кісілерінің бірі Жәнібекке Бердібектің келгенін жеткізеді. Мына хабар мазасын қашырған ол мұны Тоғай Тоғлу хатунға айтады. Хатун ұлын қорғаштап, мұның жалған екеніне сендірмек болады. Жәнібек одан Тоғлу байды жеке қабылдауына шақыртады, осының бәрін бастап жүрген сол Тоғлу бай екенін білмейтін хан мына жайды құпия түрде оған да айтады. Тоғлу бай бірден секем алып, мән-жайды біліп келейін деген сылтаумен тысқа шығады да, ізінше өзіне жақтас бірнеше адаммен қайта кіреді, сол жерде бірден Жәнібекті жайратып салады» (Греков Б.Д., Якубовский А.Ю. Золотая Орда и ее падение. Москва – Ленинград: «издательство Академии наук СССР».1950. 269-270-бб.; Бегалин Қ. Алтын Орда хандары. – А., 2007. 147-148-бб.)

Түйін. Сонымен қазақ халқы алтынордалық Жәнібек ханды «Әз-Жәнібек» атандырған, ал бұл атаудың отандық тарих ғылымында Қазақ хандығының негізін салушы ретінде мойындалып келген Жәнібек (Әбу Саид) Барақұлына еш қатысы жоқ. Өйткені, Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» толғауындағы:

Алты жыл балшық бастырып,

Тоғыз жыл керіш соқтырып,

Сусынын шайға қандырып,

Хандығына жұртын нандырып,

Адыра қалғыр, Аштархан,

Әз-Жәнібек хан салдырып.

Ақылын кәуірге алдырып,

Айласы құрып кеткен жер,-

деген жыр жолдары Алтын Орда билеушісі, Жәнібек Өзбекұлына ғана қатысты.

Келтірілген әртүрлі тарихи деректерді: нумизматикалық жәдігерлерді, жыр-аңыздарды, толғауларды, кәсіби мамандардың тың ойларын саралай келе, біз осыған дейін Әз-Жәнібек деп жүрген ханның Қазақ хандығының негізін қалаған Барақұлы Жәнібек емес, Алтын Орда ханы Өзбекұлы Жәнібек екендігін тағы бір мәрте тиянақтадық. Өкініштісі, тәуелсіздігімізге 20 жыл толса да, академиялық басылым Қазақстан тарихының 2-томындағы Әз-Жәнібек туралы мағлұмат сын көтермейді. Жалпы орта білім беретін мектеп оқулықтарындағы мәлімет те солай. Асан Қайғы қай Жәнібектің замандасы?

Аштархан деген үлкен шәр,

Әз Жәнібек ханыңның.

Өз қолынан салдырған,

Қаласын салған жерлерде,

Сан бұлағы көрінген.

Ақ Еділдің жағасы,

Асан Қайғы, Жиренше,

Әз Жәнібек ханыңның

Тұсында болған данасы.

(Шынияз Шанайұлы, ХІХ ғ.)

Әз-Жәнібектің қай Жәнібек екендігі жөнінде тарихшылар бірыңғай ортақ пікірге келгенімен, Асан Қайғының қай Жәнібектің замандасы екендігі тарихи әдебиетте әлі күнге басы ашылмаған мәселе күйінде қалып отыр. Бұл екі мәселе шындығында бір-бірінен еш ажырағысыз. Әйгілі жыраудың өмір сүрген мерзімі туралы нақты тарихи деректердің жоқтығынан көп нәрселер ауыздан-ауызға бұрмаланып жетіп, Асан Қайғы бейнесі бүгінде мейлінше аңызға айналған. Асан Қайғы жөніндегі тарихи деректерде бірізділіктің жоқтығы да осы жағдайлармен байланысты. Халық аузындағы аңыздарда Әз-Жәнібекпен қатар айтылатын данагөй абыз, өз заманының сұңғыла саясаткері, қабырғалы қайраткері һәм қиядағыны болжайтын көрікпел әулиесі Асан Қайғының қай Жәнібектің замандасы екендігін анықтауда әртүрлі көзқарастар қайта көтеріліп, зерттеушілердің пікірлері бір тоқтамға келмей, мәселе шешілмеген күйінде қалып отыр. Оған мүмкіндік бермей отырған,біріншіден, нақты деректердің жоқтығы,екіншіден, зерттеушілер дереккөзі ретінде пайдаланып жүрген Асан Қайғы толғауларын талдаудағы қарама-қайшылықтар болса,үшіншіден,бірқатар ғалымдардың жырауды фольклордағы жиынтық бейне екенін дәлелдеуге ұмтылуы. Бізге жеткен жыр-аңыздардың сарыны Асан Қайғыны Алтын Орда ханы Әз-Жәнібектің замандасы ретінде бейнелейтініне қарамастан,кейбір зерттеушілер, сол тирадалардың қайсыбір үзінділерінің мазмұнын- қазақ ханы Жәнібектің заманындағы миграциялық үдерістермен байланыстыра қарастырудан аса алмай жүр. Асан Қайғы жырларының ноғай нұсқаларын саралай келе ,«Ноғайлардың ата-бабаларын Мәуереннахрдан Еділге бастап әкелген аты аңызға айналған Әз-Жәнібек пен Барақ ұлы Жәнібек хандардың бейнесі (Асан Қайғы жырларында – Ж.Ж.) араласып кетуі мүмкін» (Трепавлов В.В.История Ногайской Орды.М.,2002.104-б.) екендігіне назар аударған. Ресейлік зерттеуші атақты жыраудың Алтын Орданың әйгілі ханы Әз-Жәнібектің замандасы болуы мүмкін-ау деген қисынға мүлде мән бермегенімен, жыраудың ноғайларда сақталған өлеңдерінің мазмұнынан Әз-Жәнібектің тарихи тұлғасына сәйкесетін үзіктердің ұшқынын байқаған. Асан Қайғының қазақ ханы Жәнібекке айтты делініп жүрген толғауы тарихшы – ғалымдар тарапынан соңғы кезге дейін зерттеу нысаны ретінде арнайы қарастырылмағандығын баса көрсетеміз.Осыдан басқа жыр-аңыздар мен толғаулардың мазмұны Асан Қайғыны қазақ ханы Жәнібек заманында өмір сүрді деген көзқарасты бекітуге мүмкіндік бермейді.Жырда билеушінің есімі аталмағандықтан ақылман абыздың осы толғауды қазақ ханы Жәнібекке арнап айтқаны күмән тудырады, тек бұл емес, жіктей берсек жырда күдік тудыратын нәрселер жеткілікті.

Бірінші. Керей мен Жәнібек бастаған қазақтардың қалың бұқарасының Шайбани Әбілқайыр хан өлімінен кейін Батыс Жетісудан бастап «Еділге дейін созылған шеруі» басқа тарихи деректермен неге мақұлданбайды? Шу мен Еділ өзендері аралығындағы осындай «ұлы қоныс аударудың» ортағасырлық деректемелердің назарынан тыс қалуы неліктен? Моғолстан тарихын жан-жақты зерттеген М.Х.Дулати атақты «Тарих-и Рашиди» еңбегінде осы мәселе туралы неге үнсіз?

Екінші. М.Х.Дулати дерегінше, Қазақ хандығының құрылуы сияқты аса маңызды оқиғада рөлі Жәнібектен басым болып, нағыз хан дәрежесінде көрінетін Керей туралы -Асан Қайғының ләм деп ауыз ашпауы жыраудың сол заманда өмір сүргендігіне күмәнді күшейте түседі. Осы жерде талантты зерттеуші, марқұм С.Қондыбайдың «қазақтың фольклорлық жады Жәнібек пен Керей туралы ештеңе білген жоқ» (Қондыбай С. Қобыланды батырдың үш ғұмыры. «Алтын Орда» газеті. 22.03.02),- деу себебіне көз жіберген дұрыс.

Үшінші. Асан Қайғы жырларын зерттеуші Баян Бораш әділ байқағандай, біз Асан Қайғы шығармашылығы түгел жинақталып, реттеліп болды деп айта алмаймыз. Оған кешегіге дейін Асандікі деп жүрген белгілі толғаудың («Таза мінсіз асыл тас...») оның толғауы еместігі дәлелденгендігі куә. Сонымен қатар оған телініп жүрген жыр нұсқаларының қайсыбір ерекшеліктері бойынша жыраудікі болмауы мүмкін... Сондықтан ондай күмән туған нұсқаларға мәтін танымдық зерттеулер қажет (БорашБ.Т. Фольклор мен ақын-жырау поэзиясындағы хандар бейнесі.А.,2007. 375-376- бб.).

Төртінші. Ноғай, қазақ және башқұрт фольклорында «Ұлы Татариядан» немесе «Бұхарадан» Еділге өту кезінде ноғайларды бастаған Әз-Жәнібек туралы мәліметтер сақталған. (Корнис В.Краткий обзор положения ногайских татар, водворенных в Мелитопольском уезде Таврической губернии//Телескоп.М.,1836.ч.33.с.5;Нестеров А. Прошлое приаральских степей в преданиях Казалинского уезда//ЗВОРАО.1900.Т.12.с.103;Филоненко В.И.Башкиры.Уфа,1915.с.12). Ноғай аңыздарында айтылатын Әз-Жәнібек көшінің астарында біз көтеріп отырған мәселеге тікелей қатынасты, ғылыми ортаға әлі күнге беймәлім бір құпия сыр жатқандай көрінеді.Бізге Құдабай ақын арқылы жеткен «Асанның асыл түбі ноғай деймін...,Тегінде ноғай-қазақ түбіміз бір» деген жыр жолдары мен Әз-Жәнібек бастаған ноғайлар көшінің арасында- байқаған адамға бір байланыстың бар екені аңғарылып тұр. Қазақ шежірелерінде бұл қазақ ноғайлының ханы Әз-Жәнібек ханға қарап тұрдық делінген.Осы билеушінің есімі бедерленген теңгелер алтынордалық Гүлстан қаласында 767/1365-1366 жылдары құйылғаны жоғарыда айтылды.Аталған деректер негізінде орыс тарихшысы В.В.Трепавлов маңғыттардың үлкен бөлігінің оңтүстік-шығыстан басталған белгілі қоныс аударуы 1350-1360 жылдары болған деп жорамал жасайды. Біздің көзқарасымызша, бұл сол тұста Асан Қайғының Әз-Жәнібекке айтқан жыры болуы да мүмкін. Әрі қарай ғалым былай дейді: «Сол уақытқа дейін Алтын Ордада халықтардың қандай-да бір ірі қоныс ауыстыруының болғандығы белгісіз, мұндай көштің болуы да мүмкін емес» (Трепавлов В.В.Көрсетілген еңбек.57-б.). В.В.Трепавловтың пікірінше, Өзбекұлы Жәнібек ханның өлімінен (1357ж.) соң басталған дүрбелең барысында Дешті Қыпшақ жұртының «үдере көшуі» басталған. Мұны төмендегі қазақ аңызы да растай түседі.

Бесінші. Ш.Уәлихановтың: «Қазақтардың аңызында, Алаша ханның балаларының басы кесілгеннен кейінгі хан Жәнібек (Барақтың ұлы) дегенімен, ертедегі асыл сөздерде Жошы әулетінен шыққан Жәнібек те қазақтың бірінші ханы болған деседі. Әбілғазы да Жошы балаларын қазақтардың хандары дейді. Жәнібек билік құрғанда, туыстас қазақтар мен ноғайлар бірге көшіп- қонған, ол кез қазақ жырларында алтын ғасыр деп аталады. Қазақтардың көптеген аңыз-дастандары да сол алтын ғасырға дөп келеді. Сондай-ақ, Жиренше шешеннің бірлік, тәлім-тәрбиелік нақылдары, әділ хан Әз-Жәнібек те, Ноғайлардың философ-данасы Асан Қайғы да осы күнге дейін далалықтардың аузынан түспейді. Ескі аңыз желісінде- алтын ғасырдың соңында халықтың тоз-тозы шығып, оңтүстіктен солтүстікке қарай босу басталған...» (Уәлиханов Ш. Таңдамалы. 2-басылуы, А., 1985, 124-бет) деп жазуы назар аударарлық.

Қорыта келгенде,екінің бірі:иә, бұл жыр Асанның Әз-Жәнібектің өзіне арнап айтқаны немесе аңыз бойынша ғасырға жуық өмір сүрген жырау Әз- Жәнібектен басқа да ел билеушілерімен замандас болып, солардың біріне шығарған толғауы болуы да мүмкін,осы шумақтарды тек қазақ ханы Жәнібекке ғана бағыттала айтылған деп анықтау -тарихи шындыққа қайшы.

Өмір сүрген кезеңі

Астрахандағы ақ сарайында отырып Әз-Жәнібек хан бірде өзінің кемеңгер ақылшысы Асан қайғыдан: <poem> - Дүниеде ашуланбайтын, өкпелемейтін, әйелді қызғанбайтын, қорықпайтын, өзі мырза адам барма екен? - деп сұрапты. </poem> Асан кайғы: <poem> - Бар, хан ием. Осы, қасиеттердің бәрі біздің Абаттан табылатын шығар, - деп жауап қатыпты. Абат - Асан қайғының жалғыз ұлы. Қадір-қасиетімен халыққа жаққан, сегіз қырлы, бір сырлы, шіркін Асанның ұлындай дегізіп, елді тамсандырған, жасы отыздарға шыққан жігіт екен. - Мұндай қасиеттердің бәрі бір адамның басына қалай сияды? - деп таң қалған Әз Жәнібек хан Абатты сынамақ болады. </poem> Бір күні жорыққа кеткенде хан әйелінің қасына бір құлды әкеп салады. Таң елең-алаңда жорықтан қайтқан Абат әйелінің қойнында жатқан құлды көреді. Қара құлдың қолы әйелінің мойнына асылып, басының астында қалыпты. <poem> - Ердің қолы ұрғашының мойнының астында жатпауы керек, әйтсе ердің күші қайтады, - деп құлының қолын алып, әйелінің үстіне салады да, өзі көрші бөлмеге барып, төсек-орнын жайғап тынығуға кіріседі. Бұл - бір. Әз Жәнібек жайлауға шығып, ата-бабаларын еске алып, ұлан-асыр той жасайды, шүлен таратады. Тойдың соңына келген Абатқа хан ішек-қарын бергізіпті. Сонда Абат еш өкпелеместен ханға тойың құтты болсын деп, жүре берген екен. Бұл - екі. Тағы бір түнде жолаушылап келе жатқан Абатты ханның көп қарақшылары қамайды. Абат қоркып-сасып қашпайды, қасқиып ортада тұрады. Бұл - үш. </poem> Абаттың барлық сыннан мүдірмей өткеніне көзі жеткен хан ордасына шақырып, қонақ қылып: <poem> - Осы қасиеттерді қайдан алдың, қалай бойыңа дарыттын, нендей сыры бар еді? - деп сұрапты. Алдымен: - Әйелді неге қызғанбайсың, осының себебі не? - деп сұрақ қояды хан. - Хан ием, бір жортуылда қырық жігітпен жортуылдап жүріп жау жақтың екі қызын қолға түсірдік, - деп бастайды әңгімесін Абат. - Сол екі қызды алып келе жатып, түн болғанда әскер екіге жарылып, бір жағы жиырма болып, екіншісі жиырма бір болып ұйықтап дем алады. Екі қыз екі жаққа бөлініп жатты. Ертеңіне қыздар бір-бірімен келісе алмай ұрсысып жатыр екен. Сөздеріне құлақ түрсем біреуі екіншісіне: " Сенің үстем сөйлеп тұрғаның, бір байыңның артықтығы", - дейді. Содан кейін-ақ бұл әйел затына дауа жоқ екен ғой, - деп әйелді қызғанбайтынды содан алдым, - дейді Абат. - Қорықпайтынды неден таптың? - дейді хан. - Қырық кісі нөкер алып, аңға шықтым. Бәрі мерген, бәрі атқыш. Шапқылап келе жатқанда, ортамыздан тұра қашқан бір қоянды қоршап тұра қалдық. Бұта түбіне жасырынған қоянды садақтарымызды сайлап біз өлдіге, құтылмасқа санап тұрдық. Сол мезетте қоян қоршап тұрған жігіттердің біреуінін үстінен ата жөнелді. Бәрі атып жатты, сол қоянға не бір құралайды көзге атқан мергендердің оғы дарымады. Өлім мен өмір арасында тұрған қоян құтылудың бір-ақ жолын іздеді. Ажал немесе жасанған жаудан қорқуға болмайды. Қорықпайтынды, батырлықты қоркақ қояннан үйрендім, - деп жауап беріпті оған Абат. - Өкпелемейтінді, ашуланбайтынды қайдан алдың? - деп сұрайды Әз Жәнібек. - Қырық күн жорықта жүргенде, қырық асымның барлығын шешем сақтап қоющы еді, тек бір күнгі тамағымды ғана сақтамаған екен. Қырық күндік асты бәрібір тауыса алмаймын ғой, сондықтан бір күнгі асымды сұрамадым. - Өкпелемейтінді, ашуланбайтынды содан алдым, - деп жауап беріпті Абат. </poem> Абаттың бүкіл еліндегі жарлы-жақыбайларға көмектесетін, тапқан-таянғанын халқына таратып беретін жомарттығын естіген хан оны бұл жолы сынамай: <poem> - Неліктен мырза болдың? - деп қана сұрайды. - Мен жаһанды көп кеземін, талай жерді араладым, сөйтіп жүріп бейіт- молалардың үстінен шығамын, басына қонып та қаламын. Сонда бір кезде даңқы шыққан өте бай адамдардың сүйегі шығып қурап жатады. Осыны көріп бай болсаң да, өліп осылай сүйегіміз құрайды екен ғой. Тіршілікте өзіне-өзі қимай, ішпей-жемей жиған мал, ешкімге ауыстырғысы келмеген дүние бәрі де адам үшін құр әуре есебінде қалады екен. Олай болса тіршілікте бай болып, мал жинамай-ақ, сараң болып атағың шықпай-ақ, ел қатарында күн көруге болады деп ойлаймын. </poem> Әз Жөнібек Абаттың сөзіне риза болып, өзінің сарай кеңесшісі етіп алыпты. Абат туралы аңыздардың қайсысын алып қарасаңыз да халықтық, елдік тұрғыдан ойлайтын қайраткер, әкесі Асанқайғының ізін жалғастырып, халқын бақытты етпекші болып жерұйық іздеуші ретінде көрінеді. Абат жайындағы тарихи аңыздардың барлығы да - қазақ сәулет өнерінің тамаша белгісі ортағасырлық Абат-Байтақ кесенесіне келіп тіреледі. Бұл ғимарат - тек сәулет өнерінің ғана інжу-маржаны емес, келешек ұрпаққа ғибратнамалық философиялык ой салатын тастағы дастандай үлкен мәдениет жәдігері екенін көрсетеді. Ескерткіш Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Талдысай мекенінің оңтүстігіндегі Бесқопа жазығында. Аңыз бойынша мавзолейде жерұйыкты іздеп жүріп қаза болған Абат пен әйелі коса жерленген. Жалғыз ұлының қазасы Асанға орны толмас қайғы әкеледі. Ұлының өлген жеріне мәңгілік ескерткіш орнату үшін халқына бір күнде зәулім ғимрат салуға жарлық етеді. Асанның шешімі бойынша әрбір түтін бір кірпіштен әкеледі. Сөйтіп Абаттың кесенесін бүкіл халық болып бір күнде салып бітіреді. Ғимратты бүкіл халық, байтақ ел болып жұмыла кірісіп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ұйымдасып, бірігіп тұрғызғандықтан Абат атына Байтақ сөзі жалғанған деп түсіндіреді көріқүлақ қариялар.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8 </ref><ref> Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3 </ref>

Пайдаланған әдебиеттер

<references/>

Үлгі:Қазақ хандарыca:Djanibek Khan en:Janybek Khan ja:ジャニベク・ハーン ru:Жанибек-хан (1466—1480) zh:賈尼別克