Әзәзіл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

00:05, 2013 ж. сәуірдің 23 кезіндегі Addbot (Талқылауы) істеген түзету

Әзәзіл (арабша — азғырушы, арбаушы) — діни әдебиеттегі адамдарды Алланың ақ жолынан тайдырып, күнәға батырушы жіннің бір аты. Құраннан кейін тараған әпсаналарда Ібілістің көктен қуылу тарихы әрқилы баяндалады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref> Кейбіреуінде оның аты — Әзәзіл немесе әл-Харис екендігі, жерге перілердің бүлікшілігін басу үшін жіберілгендігі айтылады. Бірақ өзінің жеңісіне масаттанған, өзін әлем әлемінің әміршісі сезінген Әзәзіл Алланың билігіне бағынбай кеткен. Құранда кейбір адамдардың ізгілікке сенбей жауыздыққа бейім тұратыны періште жамылған перінің — әзәзілдің ісі деп түсіндіреді. <ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}ar:عزازل bg:Азазел ca:Azazel cs:Azazel de:Asasel en:Azazel es:Azazel fa:عزازیل fr:Azazel he:עזאזל hr:Azazel it:Azazel ja:アザゼル nl:Azazel pl:Azazel ro:Azazel ru:Азазель tr:Azazil uk:Азазель zh:阿撒瀉勒