Әділ Сасбұқаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

07:16, 2016 ж. қарашаның 4 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Әділ Сасбұқаев (5.12.1922, Қазығұрт ауданы Төбеқұдық ауылы – 3.5.2005) – қоғам қайраткері, соғыс және еңбек ардагері. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ауылы шаруашылық қызметкері (1980). Облыстың құрметті азаматы. Еңбек жолын ауданы сотта хатшы болып бастады. 1942 жылдан бастап Севастополь, Симферополь, Днепропетровск қалаларын, Украина, Польша, Чехословакия жерін азат етуге қатысып, 1, 2-дәрежелі «Ұлы Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған. 1947 – 49 жылдары ауданы прокуратурада тергеуші, соңынан ауданы комсомол комитетінің бірінші хатшысы. 1949 – 52 жылдары облыстық партия комитеті бірінші хатшысының көмекшісі, бөлім меңгерушісі. 1952 – 54 жылдары Алматы Жоғары партия мектебінде оқыды. 1954 – 60 жылдары Шымкент қалалық партия комитетінде үшінші хатшы, Фрунзе, Түркістан партия к-ттерінде екінші хатшы, кеңес атқару комитетінің төрағасы, Созақ партия комитетінің бірінші хатшысы. 1973 – 86 жылдары облысы партия комитетінің екінші, Қызылқұм аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, облыстық ауылы шаруашылық басқармасының бастығы. «Өткен күннен белгі көп», «Шежірені білу – еліңді құрметтеу» кітаптарының авторы. Ленин (1966), «Құрмет белгісі» (1976), Еңбек Қызыл Ту (1981), «Парасат» (2003) ордендерімен марапатталған. Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты, Қазақстан Компартиясы ОК-інің мүшелігіне сайланған. Шымкент , Түркістан қалаларының, Қазығұрт, Созақ аудандарының құрметті азаматы.

Сілтемелер

"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әділ Сасбұқаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}