Әділхан Батырханұлы Пірманов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:49, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Әділхан Батырханұлы Пірманов (8.7.1955 жылы туған, Жалағаш ауданы) – баспагер, тарих ғылым кандидаты (1996), доцент. ҚазМУ-ды (ҚазҰУ) бітірген (1977). 1977 – 85 жылдары ҚР Мемлекеттік Орталық мұражайында, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында ғылым қызметкер болып қызмет істеді. 1986 – 91 жылдары Қазақ Кеңес энциклопедиясында редактор, 1992 – 94 жылдары «Атамұра» баспасында редактор, 1994 жылдан бас редактор. 40-тан астам ғылым, ғыл-танымдық мақалалар, 1 монография мен 1 повесть жазған. Төрт томдық қысқаша «Қазақ КСР», бір томдық «Шаңырақ» үй-тұрмыстық энциклопедиясын, «Абай», «Ақмола», «Атырау», «Маңғыстау» энциклопедияларын әзірлеуге қатысты. Х.Арғынбаев пен М.Мұқановтың «Қазақ шежіресі хақында» зерттеу еңбегін, академиясы М.Қозыбаев жайлы кітап құрастырып, жарыққа шығарды. «Атамұра кітапханасы» сериясымен шығып жатқан көне заманнан бүгінге дейінгі бес томдық «Қазақстан тарихының» томдарын баспаға дайындап, үшінші том авторларының бірі. Оның редакторлығымен «Сыр өңірі тарихы» (1998), «Сыр бойындағы әулиелер» (2000) атты еңбектер жарық көрді.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әділхан Батырханұлы Пірманов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}