Әділжан Құрманғалиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:35, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Әділжан Құрманғалиев (18 сәуір 1893, Сарқан ауданы, Бақалы ауылы - 24 қазан 1962, Алматы) - күйші-композитор, қоғам қайраткері.


  • 1919 ж. Талдықорған облысы Көктерек болыстық ревкомының төрағасы.
  • 1920-28 ж. Жетісу облыстық ревкомының мүшесі, Қаратал уездік "Қосшы" одағының хатшысы, Ақсу ревкомының сот орындаушысы.
  • 1928-32 ж. Жаркент ауданында шаруашылық ұжымдарын басқарды.
  • 1932-55 ж. ҚХР-ның Шыңжаң өлкесінде мәдениағарту саласында еңбек етті.
  • 1955 ж. тарихи Отанына қайтып оралды.

Шығармалары

  • "Қос жүрек" (1910)
  • "Жастық шақ" (1911)
  • "Қайран ана" (1938)
  • "Қос жетім" (1942)
  • "Жеңіс" (1945)
  • "Арман" (1955)
  • "Отан" (1955)
  • "Ленин" (1960), т.б. күйлері бар.

Ол сонымен қатар қазақтың халық өндері мен күйлерін, ауыз әдебиеті мұраларын жинаумен айналысқан. <ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}