Әділет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

“Әділет”Қазақстандағы қоғамдық бірлестік. 1989 жылы 8 сәуірде құрылған. Өз қызметін мүшелерінің еріктілігі мен тең құқықтылығы, жариялылық, өзін-өзі басқару, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарының негізінде жүзеге асырады. Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар облыстарында, Талдықорған қаласында бөлімшелері бар. “Әділеттің” басты мақсаты — демократиялық өзгерістерге, адамдардың азаматтық және құқықтық санасын дамытуға, жас ұрпақты құқықтық мемлекеттік рухында тәрбиелеуге, сондай-ақ Кеңес империясы туралы тарихи шындықты қалпына келтіруге ықпал ету. Оның қоғамдық бірлестіктері саяси қуғын-сүргін құрбандарының есімін анықтап, мәңгіге қалдыру жолында жұмыс жүргізді. Атылып кеткендердің зираттарын іздестіріп тауып, белгі қою, күтімге алу ісімен шұғылданды. Астана мен республиканың басқа да қалаларында сталинизм құрбандарына арналған мемориалды кешендер мен ескерткіштер орнатуға көмектесті. Саяси қуғын-сүргін туралы архивтік деректер жинақтап, ғылыми-ақпараттық және ағартушылық орталықтар, мұражайлар мен кітапханалар ашуға ықпал етті. Саяси қуғын-сүргін көргендер мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтары мен жеңілдіктеріне қатысты мәселелерді Президенттің, Үкіметтің, Парламенттің, басқа да құқықтық және атқару органдарының алдына қойды. Әкімшілдік-әміршілдік басқаруға байланысты ашылмаған мәліметтердің жария етілуіне қозғау салды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарының тізімін даярлап, аты-жөндерін жариялады. Тоталитарлық режимнің құқыққа, гуманизмге қарама-қайшылығын ашып көрсететін кітаптар, мақалалар, конференция материалдарын басып шығарды. “Әділет” қоғамы “Дөңгелек столдар” мен семинар материалдарын (Алматы, 1996), “Жаңа қоғамдық сананы қалыптастыру мен Қазақстанда азаматтық қоғам орнату мәселелері” (Алматы, 1996), “Халықтарды жер аудару және адам құқы мәселелері” (Алматы, 1998) және басқа да кітапшалар шығарды.

“Әділет” қоғамының қатысуымен бұл уақытқа дейін “Азалы кітаптың” 4 басылымы жарық көрді. Онда Алматы қаласы мен Алматы, Жамбыл, Жезқазған, Қарағанды, Маңғыстау, Талдықорған облыстары бойынша саяси қуғын-сүргін кезінде атылғандар туралы қысқаша мәліметтер берілген. Қазақстанның “Әділет” қоғамы халықаралық “Мемориал” ұйымының мүшесі. <ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әділет|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}