Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков (26 шілде 1954 жыл, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Бөрілі ауылы)— Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі (2009 -), Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі (2008 - 2009), «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары – ҚР Президентінің кеңесшісі (2008), Президент әкімшілігінің басшысы (2004-2008), Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі (2003-2004), Астана қаласының әкімі (1997-2003). Қазақстан Республикасы Футбол Федерациясының Президенті ()<ref>Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты. Қорғаныс Министрі Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбековтың өмірбаяны</ref>.

Биографиясы

1954 ж. шілденің 26-ында Қостанай облысында туған.

1978 ж. Бүкілодақтық кинематография (Мәскеу қ.) мемлекеттік университетін тәмамдаған,

1987 ж. Плеханов атындағы халық шаруашылығ институтында «материалдық-техникалық жабдықтаудың ұйымдастырушысы» мамандығы бойынша қайта даярлықтан өткен.

Қазақ КСР Мемкино жүйесінде, материалдық-техникалық жабдықтау органдарында жұмыс істеп, кәсіпорындарға басшылық еткен.

198895 жж. көпсалалы «Цесна» корпорациясының басшысы.

1995 ж. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына сайланады.

1996 ж. Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалады.

1997 ж. желтоқсанынан 2003 ж. маусымына дейін Астана қаласының әкімі.

2003 ж. шілдесінен 2004 ж. желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі.

2004 ж. желтоқсанынан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы.

2008 ж. қаңтарынан Нұр Отан халық демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

2008 ж. қараша айынан Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

Марапаттары

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев», III дәрежелі «Барыс» ордендерiмен, басқа да үкіметтік наградалармен марапатталған.

Әскери атағы

Әскери атағы - запастағы полковник.

Діни көзқарасы

Діни көзқарасы - сыйласымдылық.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанды таяу арада әлемдік қауымдастық мүшелігіне сай, жоғары дамыған, зайырлы, демократиялық мемлекет ретінде көремін».

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.

Хоббиі

Хоббиі - спорт (футбол, теннис).

Сүйіп оқитын әдебиеті

Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи және көркем проза, поэзия (А. Құнанбаев, Ш. Айтматов, Э. Хэмингуэй және басқалары).

Отбасы

Үйленген. Жұбайы - Ибрагимова Ләззат (1955 жылы туған), экономист. Ұлы - Дәурен (1978 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref><ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Серік Ахметовтың министрлер кабинеті