Әбіраш Жәмішев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:36, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Әбіраш Жәмішев - 1928 жылы 5 желтоқсанда Қызылорда облысының Тереңөзек (қазіргі Сырдария ауданы) ауданындағы Бесөзек ауылында туған.

1956 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Соңғы курста жүргенде республикалық «Соцалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің редакциясында қызметке орналасқан. Содан бастап, өмірінің ақырына дейін «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз», «Егемен Қазқстан», «Заман —Қазақстан», «Түркістан» секілді республикалық газет-журналдарда әдеби-қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары болған. 1965 жылдан бері оның оннан астам жыр кітабы оқырман қауымның қолына тиді. Әдеби сынға атсалысты, көркем аудармамен де шүғылданған.

Шығармашылығы

Оның аударуында Хафиздің, Физулидің ғазалдары «Улы ақындар кітапханасы» сериясы арқылы қазақ оқушыларына жетті. Сондай-ақ ол А.С.Пушкиннің, А.Исааяканың, Айбектің, М.Исаковскийдің бірталай өлеңдерін, А.Вознесенскийдің «Лонжюмо», С.Шипачевтың, армян жазушысы Г.Эминнің «Армения туралы жеті жыр» кітабынан «Жазбалар жырын», тәжік ақыны М.Қаноатовтың «Вахш толқындары» деген атпен өлеңдері мен поэмалар жинағын, Қ.А.Йасауи хикметтерін аударған.

  • Арай. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1965;
  • Күміс кірпіктер. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1967;
  • Дала шуғыласы. Очерктер. А., «Қазақстан», 1967;
  • Жыр жанры. Әдеби зерттеу. А., «Жазушы», 1970;
  • Сағым толқын. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1972;
  • Биік мәртебе. Әдеби сын мақалалар. А., «Жазушы», 1974;
  • Армысың, алтын күнім! Очерктер. А., «Жазушы», 1976;
  • Төскей. Тандамалылар. А., «Жазушы», 1980;
  • Кезең кестелері. Сын мақалалар. А., «Жазушы», 1984.

Жетістіктері

«Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}