Әбілқасен Әміралин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

03:25, 2011 ж. желтоқсанның 8 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

Әбілқасен Әміралин (1912 жыл, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы, Алғабас ауылы - 1991 жыл Жезқазған қаласы) - тележурналист.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: “ҚазАқпарат”,2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>.

Жезқазған - Ұлытау өңірінен шыққан тұңғыш журналист. Қарсақпай ауданы "Қызыл Кенші", Ұлытау ауданы "Коммунизм туы" газеттерінде редактор, Қарағанды облысы "Советтік Қарағанды" газетінің бөлім менгерушісі болған. Жезқазған облыстық телерадиохабарларын тарату комитетінде бас редактор болып істеген. "Жамалым - жаным, амалым - наным", "Жөкей сот", "Май сасыса тұз себер, тұз сасыса не себер" атты және басқа мақалалары мен фельетондары танымал болған. 1943 жылы Шашубай мен Болманның айтысын ұйымдастырған, өзі ақын Иманжан Жылқайдаровпен айтысқан. Қарсақпай-Жезқазған өңірі өнеркәсібінің дамуы жайлы "Арқада туған алып" атты публицистикалық шығарма (1985) жазған. Қазақстан Журналистер одағынын алғашқы мүшелерінің бірі. Бірнеше медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}