Әбілқайыр хан (Өзбек хандығы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

00:14, 2017 ж. сәуірдің 21 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Cleanup Үлгі:Уики Үлгі:Мағына Әбілхайыр (1412 — 1469) — өзбек ханы. Жазба деректерде Әбілқайыр қаған, Ұлы хан, Бузырг хан, Хазірет Бузырг хан деп айтыла береді. Шыңғыс ханның 10-ұрпағы (Шыңғыс ханЖошы хан — Шибан (Шайбан) — Баһадұр — Жошы-Бұқа — Базағұл — Мың-Темір хан — Гулад (Болат) — Ибрахим (Ибрагим) — Дәулет-шайх — Ә. хан). 1428 ж. 16 жасында Ә-ды Дешті Қыпшақтың ру-тайпа көсемдері хан етіп сайлады. Ол билікті өз қолына алысымен Дешті Іыпшақтағы саяси бытыраңқылықты жоюға күш салды. Дешті Қыпшақтағы Шайбани әулетінің билеушілері Мұстафа ханды, Махмұд-Қожа ханды талқандады. 30 — 40 ж. хандықты нығайту үшін ішкі және сыртқы күштермен күрес жүргізді. Тұқай-Темір ұрпақтары Ахмед хан мен Махмұд хан иеліктеріне, Темір әулетінің қол астындағы Хорезм мен Сыр бойына сәтті жорықтар жасады. Сөйтіп тарихта “көшпелі өзбектер” деп аталатын хандық құрды (қ. Әбілқайыр хандығы). Ә. ханның билігі күшейген сайын, оған қарсы жергілікті ру-тайпа көсемдері мен кейбір сұлтандардың қарсылығы арта түседі. Ә. ханның билігіне қарсы жасырын наразылық 1457 ж. Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңіліс тапқан соң, ашық күреске айналды. 1457—69 ж. аралығында Керей мен Жәнібек сұлтандар өздеріне қарасты тайпалармен Шу өңіріне көшіп барып жеке қазақ хандығын құрды (қ. Керей хан, Жәнібек хан). Қазақ хандығының күшейе түсуінен қауіптенген Ә. хан 1469 ж. Моғолстанға жорық ұйымдастырды. Бұл — оның ең соңғы жорығы еді. Ә. ханның он бір ұлы болды. Оның ұрпақтары ішінде ең танымал болғаны — немересі Мұхаммед Шайбани хан.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әбілқайыр хан (Өзбек хандығы)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}