Әбілқайыр хан (Кіші жүз)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Сурет:Abulkhair khan.jpg
Әбілқайыр хан

Үлгі:Мағына Әбілқайыр (Әбілқайыр хан) (1693 — 12 тамыз 1748) — хан, қолбасшы, 17181748 жж. билік құрған Кіші жүз ханы. Ол – кейін өзінің күшімен, айласымен, шабуылды ұйымдастыра білушілігімен даңқы шығып, хандыққа қол жеткізген, батырлығы мен өркөкіректігі, ақылдылығы мен билікқұмарлығы, саяхатшылығы мен бірбеткейлігі астасқан қайшылығы мол күрделі тарихи тұлға.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Өмірбаяны

Әбілқайыр хан 1693 жылы Түркістан қаласында туған. Ол - Әз-Жәнібектің бесінші ұрпағы. Шыңғыс ханнан бастап тарататын болса ол хан әулетінің он сегізінші ұрпағы. Әз Жәнібектен тоғыз ұл тарайды, солардың бірі - Өсеке сұлтан одан Бөлекей ноян, одан Ырыс сұлтан, одан Хожа сұлтан, одан Абдолла сұлтан туған, Әбілқайыр осы Абдолла сұлтанның баласы.<ref>Аңыз адам. # 2 (38) Қаңтар 2012 жыл</ref> Әскен (Әжі) ұлы Әбілқайыр хан – қазақтың Кіші жүзінің ханы, Бұланты, Итішпес көлі маңындағы шайқаста қазақ қолының бас сардары, қазақ сұлтандарының кіші буыны – Үсектің ұрпағы. Болат хан өлгеннен кейінгі тақ таласында Сәмекенің (Шахмұхаммедтің) «Әбілқайырдың атасына хандық әуелден бұйырмаған. Жеті атасынан хан болып келе жатқан менің тұқымым, хан тағының заңды иесі менмін» деуі де оның осы кіші буыннан екенін меңзейді.

1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты кіші жүз батыры қарт Бөгенбай батыр (Қанжығалы Бөгенбай емес) тағайындалды.

18 ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, тең емес ұрыста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болды. 1718 жылы Аякөзде Әбілқайыр мен Қайып 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді. Бірақ осы шайқаста Әбілхайыр мен Қайыптың алауыздығы кесірінен қазақ қолы жеңіліске ұшырайды.

Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және білгір қолбасшы болды. 1726 жылы үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда билер мен батырлар бірауыздан Әбілқайырды Қазақ хандығы әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады. Ал, Әбілқайырдың хандық дәрежеге қалай жеткендігін 1736 жылы оның Ордасына келген ағылшын суретшісі Джон Кэстль былайша түйіндейді:Ол зор тұлғалы, сымбатты, аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі сондай жылы кісі, сонымен қатар зор денсаулық пен қайрат-күш иесі, садақ тартуға келгенде шынымен-ақ бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ. Хан болмай тұрып, ол сұлтан ғана болатын, оның барлық балалары да осы лауазымды алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен болған соғыста олардың басшысы қонтайшыны өз қолымен тұтқынға алғаннан кейін… Кіші орда оны хан сайлады.

Әскербасы Әбілқайыр халық жасақтарында қыруар істер атқарды, соғысу қабілетін жоғары деңгейге көтерді және қарулы күштерде адамгершілік рух пен патриотизмді марапаттап отырды. 1728 жылы қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында болды, мұнда қазақтар қонтайшының ұлы басқаратын экспедициялық корпусты талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіске қол жеткізуге болады деген сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы халық жұмыла көтерілді.

Алайда бұл жеңілістен кейін де жау әлі күшті күйінде қалды. Жағдайға қанық Әбілқайыр жаңа шабуыл бастады. 1730 жылы көктемде Балқаштың оңтүстік шығысындағы Итішпес елді мекенінде Әбілқайыр бастаған қазақ әскері жауларды тағы талқандады. Жоңғарларға қарсы жүз жылдық соғыста қазақ халқы өзгерісті кезеңге аяқ басты, жеңіске бір табан жақындағандай болды.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Алайда дәл осы кезеңде Болат хан қаза табады. Сондықтан да басқа ханды тағайындау төңірегінде сауал туындайды. Қат-қабат келген жағдайларға байланысты, Болат ханның жас ұлы Әбілмәмбет хан сайланды. Болат хан өлгеннен кейін «қазақтың бас ханы болу жолы менікі» деп сеніммен жүрген Әбілқайыр жеме-жемге келгенде билік тізгінінің басқаның қолында кеткенін көргенде шарт сынып, ашуланып, қазақ әскерін жау қолына тастап еліне кетіп қалады. Кеткенде де жай кетпей жолындағы бірнеше ауылды шауып тонай кетеді. Бұл Әбілхайырдың тарих және болашақ ұрпақ кешпейтін сатқындығы еді. Осыдан соң біріктірілген қазақ халқының жасақтары ыдырай бастады да, Жоңғар әскерінің 1 бөлігі аман қалады. Сол жылы сүмбіле айында болған Аңырақай шайқасына да қатыспаған себебі осы болатын. Өйткені сол кездегі қазақ ордасының заңды иесі Әбілмәмбет пен Абылай, Төле, Қазыбек билер мен Қабанбай бастаған батырлар бірауыздан Қанжығалы Бөгенбайды бас қолбасшы етіп сайлаған болатын. Әбілхайырдың Аңырақай соғысына қатыспаған. Ол оған дейін ақ қолбасшылық дәрежесінен айрылып өз еліне кетіп қалған болатын. 1726 жылы бүкіл қазақ болып қолбасшы сайлаған хандар мен билер батырлар, Әбілхайырдың ұрыс кезінде қазақты жау қолына тастап кеткенін кешірмеді. Аңырақайда ерекше көзге түскен Аңырақты жекпе жекте өлтірген Сатай Бөлек батыр, Шымыр Қойгелдi, Ошақты Саңырық, ағайынды Дулат Сеңкiбай мен Шойбек, Сыйқым Ырысбек, Суан Бағай, Ботбай Сәмен, Сiргелi Қара Тiлек, Жаппар, Қаумен, Дәулет, тағы басқалар – бәрi де ұлы жүз қолының батырлары. Қазыбек бектiң оқ қағар батыры 35 жастағы албан Қангелдi де осы шайқаста жекпежекке шығып жеңiске жетедi. Бұл ұрысқа ұлы жүз жасағын қолбасы Шапырашты Қазыбек Тауасарұлы, болшақ қолбасы Шапырашты Наурызбай да қатысты. Ал Жадамбаны жеңген Арғын Олжабай батыр, Арғын Естербек, Қарабек, Тұра (бәлкiм, дұрысы Нұра), Ағындық, Тарақты Тоғай, Қарауыл Қасым мен Қалабек және басқа батырлардың бәрі Бөгенбай жасағындағы батырлар еді. Ал кіші жүзден Тама Есет батыр мен Шекті Тайлақ батыр сияқты батырлардың артынан ерген жасақтары ғана қатысты. Әбілхайыр сол кеткенен қайтып артына қайтпады. Кейінгі Аңырақайды Әбілхайыр басқарды деп жүрген деректің бәрі жалған. Тарихтағы Бөгенбай батырдың ерлігін Әбілхайырға тартып әперу, тарихи еңбегін жоққа шығару тарихқа қиянат. Болашақ ұрпақ осы шындықты білгені дұрыс. Аңырақай шайқасына қатысқан батырлардың мекенжайын саралап қарасаң да, бұл соғысқа Бөгенбай мен Қазыбек қолы ғана қатысқаны аңғарылады. Қабанбай қолы қалмақтар Аңырақай жаққа қосымша күш жiберiп қоймасын деген мақсатпен Қарқаралы жақта жол кесiп соғысады. Осының өзiнен де бұл маңызды шайқасқа қазақтардың бiр бiрiмен байланысып, кең көлемде ойласып дайындалғанын көрсетедi.

Бiрiншi жекпежекке Қазыбек бек қолынан Бөлек шықса, екiншi болып Бөгенбай қолынан Олжабай батыр шығады. Ол қалмақтың Жадамба деген батырын жеңедi. Ал Әбiлқайыр қолынан осы ұрыста жекпежекке шыққан бiрде-бiр батырды тарих айтпайды. Оның бiрақ себебi бар: ол бұл соғысқа басшылық та жасамаған, қатыспаған да. Сол кездiң жағдайына көз жiберсек, 1726 жылғы Әбiлқайыр бас қолбасшылық жасаған Қалмақ қырылған шайқасынан кейiн жанжаққа бытырай қашқан жауды қуалай соғысып, Бөгенбай қолы Арқаға, Қабанбай шығысқа, Қазыбек бек Шуға қарай бет алды. Ал Әбiлқайыр қолы да, одан қашқан қалмақ та батысқа кеткен жоқ: қалмақтар өз елi жаққа орағыта қашып, Хан тауына барып паналаса, Әбiлқайыр қолы оңтүстiкте тұрып қалды, ол Бөгенбаймен де, Қабанбаймен де, Қазыбек бекпен де iлесiп кеткен жоқ. Ал Аңырақай шайқасына дейiнгi үш жыл аралықта Әбiлқайыр қолы не Бөгенбай қолымен, не Қабанбай, Қазыбекпен қол бiрiктiрiп қалмаққа шапты деген дерек жоқ. Алайда Қалмақ қырылған соғысында бытшыты шыққан қалмақ қолы емiнеркiн, еш кедергiсiз Хан тауының баурайында қайтадан күш жинап, қайтадан қәуiптi жауға айналып келе жатты. Неге? Өйткенi Бөгенбай, Қабанбай не Әбiлқайыр қолымен бiрiгiп қана қарсы шықпаса, тек Ұлы жүз қолының оған шамасы келмейтiн едi. Ал олардың бiрiгiп жатқанын бiлсе, қалмақтар айылын жыйған болар едi.

Бұл жағдай ненi көрсетедi? Әбiлқайыр әлi оңтүстiк өңiрiнде жүргенменен, бүл арадағы жағдайға араласпағанын, турасын айтқанда, оның үш жүзге бас қолбасылық қызметiнiң Қалмақ қырылған соғысынан кейiн бiткенiн көрсетедi. Сондықтан болмаған жағдайды болды деп боямалаудың, менiңше, Әбiлқайырға да, тарихқа да пайдасы жоқ. 6-дан, егер Әбiлқайыр бас қолбасылық қызметiн әлi де жалғастыра берген болса, 1729 жылдың ерте көктемiнде оңтүстiк өңiрiнде, кәзiргi Бәйдiбек ауданының жерiнде, өткен Ұзынбұлақ соғысына да араласқан болар едi. Өйткенi бас қолбасының құптауынсыз қандай соғыс өтуге тиiс? Қалмаққа қарсы бұл ұрысты тек ұлы жүз қолы жүргiзiп, жеңiске жетедi. Қалмақ қолын Донық, қазақ қолын Қазыбек бек басқарады. Бiрiншi жекпежекке Қазыбек бектiң бала күннен досы әрi бас батыры дулат Мүйiздi Өтеген батыр шығып, қалмақтың Ботхишар (қазақ жамандау айтады) атты бас батырын жеңедi. Бұл – “Өтеген бебамыз жеңiске жеткен соғыс!” – деп, бүкiл Дулат мақтан етiп келе жатқан айтулы соғыс. Жамбылдың бұл екеуiн бөлiпжармай:

“Өтеген, Қазбекке барайын,...
Қазақтың қамқор ерлерi”, - деуi сондықтан.

Ұзынбұлақ соғысына қатыспаған, басшылық жасамаған Әбәлқайыр одан кейiн өткен Аңырақай соғысына қай жөнмен, қандай қыйсынмен басшылық жасайды сонда? Оның алдындағы соғыста еш көмек бермеген, өлгентiрiлгенiне жаны ауырмаған, көмектеспеген батырға ендi келiп: “Мына соғысқа сен басшылық жасай қой!” – дейтiн адамдар қандай адамдар? Ал олар өйтiп сұрамаса, Әбiлқайыр келiп: “Мына соғысты мен басқарып берейiн”, – дей ме? Менiңше, екеуiнiң де қисыны келмейдi. Ал қисыны жоқ нәрсенi зорлап қисындатудан тарих опа таппайды.

Еш соғысына қатыспаса, бас қолбасылық қызметi жалғаспаса, Әбiлқайыр неге үш жыл бойы оңтүстiктен кетпеген? Бұл арада қанша айтқың келмесе де, Әбiлқайырдың мiнезi мен ұстанымына тоқталмай кете алмайсың. Оның, тарихшылар жазғандай, өте өзiмшiл, тәкаппар, атақ құмар адам болғаны рас деп ойлаймын.

1726 жылы Ордабасыда хандар мен билердiң бiрiккен жыйыны Әбiлқайырды үш жүздiң бiрiккен қолына бас қолбасы етiп сайлады да, үш жүздiң ұлы ханы етiп сайламады ғой. Ұлы ханды сайлау мәселесiне жауды жеңгеннен кейiн оралатын болып келiстi. Әбiлқайырдың басшылығымен Қалмақ қырылғанда қазақ қолы тамаша жеңiске жеттi, алайда ол жеңiс түбегейлi болмады, қалмақ қолы қазақ жерiнен бiржола қуылмады. Сондықтан ба, ол жеңiстен кейiн жыйын да шақырылған жоқ, ұлы хан сайлау мәселесi де сөз болған жоқ. Алайда Сәмекенiң науқас екенiн, ол өлсе, орнына хан сайлануы тиiс екенiн Әбiлқайыр бiлдi, күттi, сондықтан оңтүстiктен кетпедi. Ал ол кезде Бөгенбай да, Қабанбай да, Қазыбек бек те қалмақтармен соғысты Әбiлқайырдың қатысуынсызақ жалғастырып жатты. Соғыс онсызақ жүрiп жатты деген сөз Әбiлқайыр ол кезде бас қолбасы емес деген сөз. Көп адам Әбiлқайырдың оңтүстiктен тек 1730 жылы ғана кеткенiне қарап, 1729 жылы өткен Аңырақай шайқасына да қатысқан болар деп жорамалдай салады. Ал ол кезде Жолбарыс хан ұлы жүзге өз билiгiн жүргiзiп жатты. Сондықтан не ұлы хан емес, не бас қолбасы емес күй, әрине, Әбiлқайырды риза етпедi. Сәмеке өлiп, орнына Әбiлмәмбет ұлы хан сайланып кеткен соң, ызалы ол 1730 жылы Ырғыз арқылы батысқа кетiп бара жатып, жолай бiраз қазақ ауылына қырғыйдай тиiп тонай кетедi.

Аңырақай шайқасына дайындалып жатқан шақта ұлы жүз ханы Жолбарыс та, Төле би де Әбiлқайырдың алдағы ұрысқа қатысуын сұраған. Өйткенi Хан тауы маңында шоғырланған қалмақтың саны күн сайын көбейiп келе жатқанын олар бiлiп отырды. Оларға жеке қарсы шығуға Ұлы жүз қолы аздық еттi. Алайда Әбiлқайырдан жауап болмады. Неге? Өйткенi оны шақырғанға дейiн бұл соғысқа бас қолбасы Бөгенбай болатынын Жолбарыс хан, Төле би және Қазыбек би үшеуi шешiп қойған болатын. Қазыбек бек өзiнiң “Түптұқыйаннан өзiме шейiн” атты естелiк кiтәбiнде: “Мен ендi Жолбарыс ханнан: “Ұлы жүз қолын баста!” деген ресми жарлық алдым... Осыдан бұрын бас қолбасшылыққа белгiленген Бөгембай батыр,..” деп, бәрiн апанық жазады. Сондықтан кеше ғана үш жүздiң әскерiне бас қолбасы болған Әбiлқайыр ендi Бөгенбайдың қоластында соғысқысы келмедi. Әрi Жолбарыс ханның шақыруына келе қалуды ол өзiнше кiшiреу деп те түсiнуi мүмкiн. Оның ондай мiнезi барын, мәселен, 1718 – жылы Аягөз маңында болған ұрыста Қайып пен Әбiлқайыр өзара тiл табыса алмай, соның кесiрiнен қазақ қолы қалмақтардан жеңiлiс тапқанын тарихшылар жазады (Моисеев). Ол Жолбарыс ханды, өз ағасы болса да, менсiнбеген, жақтырмаған. Сәмекемен де бақталас болған.

Аңырақай шайқасында Абылайдың алғаш аты шыққан. Ол Дулат Сеңкiбай батырдың қолында соғысқан. Ел аңыз етiп жүргендей жекпежекте емес, дода соғыста Шарышты өлтiрген. Жалпы, соғыс тәртiбi бойынша, бас қолбасының алдын ала келiсiмiнсiз өз бетiмен жекпежекке шыға беруге рұқсат етiлмеген. Ал ешқандай аңызда да, деректе де Әбiлқайыр басқарған соғыста алғаш Абылайдың аты шығыпты делiнбейдi.

Ордабасы жиынында дәл сол кезеңде Әбiлқайырға ерлiгi жағынан да, батырлығы жағынан де ешкiм шендес келмейтiнiн мойындап, оны бас қолбасы сайлап отырған Төле би мен Қазыбек би ендi 1730 жылы оның ұлы хан сайлануына неге қарсы болды? Оның басты себебi: Әбiлқайырдың Аңырақай шайқасына қатыспай қойуы. Жолбарыс ханның қасында Аңырақай шайқасы аяқталғанша бiрге болған Төле мен Қазыбек Әбiлқайырдың ол қылығын кешiрмедi. Ал егер Әбiлқайыр бас қолбасылық жасап, Аңырақай шайқасында тағы даңққа бөленген болса, онда, сөз жоқ, екi би де оның бас хан болуын қолдайтын едi.

Әбiлқайырдың тарихи еңбегi бағаланбады деген байбаламға құлақ асып, қазақтың екiншi бiр перзентi Бөгенбайдың басшылық жасаған ғажап ерлiгiн неге Әбiлқайырдың қанжығасына байлай салуымыз керек? Сонда Аңырақай шайқасына Әбiлқайыр басшылық жасады десек, шындық та, Бөгенбай жасады десек, жалған бола ма? Жалпы, бiз көрген адамға сенуiмiз керек пе әлде күштеген адамға ма? Шындық шiркiннiң сонда өзiне емес, бiзге байланысты болғаны ма?

Менiң байқауымша, кей адамға шындықтан гөрi аңыз немесе “жорамал шындық” ыңғайлы. Мәселен, мен өз басым: “Бiздiң бәлен деген бабамыз батыр, Абылайдың ең сенiмдi қолбасы болған”, – дегендi талай оқыдым да, естiдiм де. Ал сол Абылайдың қасында жүрген Қазыбек бектi оқысам, Абылайдың үшақ бас қолбасы болған, қалған батырдың бәрi не Бөгенбай, Қабанбайдың, не Қазыбек бек пен Наурызбайдың мыңбасы, жүзбасы, онбасы ғана. Алайда: “Менiң бабам онбасы батыр болыпты”, – дегендi әлi ешкiмнен естiген емеспiн. Қазыбек бектiң кiтәбiн мойындағысы келмейтiн де негiзiнен солар: бөсiңкiреп, өсiрiңкiреп айтқанды және оның ешбiр куәсi болмауын ұнататындар.

Тарихи шындық бiреудi кiнәләу немесе көтермелеу үшiн айтылмайды. Тек Аңырақайға ғана қатысты емес, осындай ары тарт, берi тарт айтыстармен жүрiп, бiз кезiнде анықтап алатын, жазып қалатын талай шындықтан айрылып қалдық. Бiлетiнi, естiгенi бар талайлар берекесiз айтыс пен тартыстан қашып, көп дүниенi iшiнде алып кеттi. Ал бiзге әлi ақыл кiрер емес. Кей тарихшылар Әбiлқайыр жайында: “...ол iнiсi Бұлқайыр басқарған 70 мың жiгiтi бар әскердi шепке қалдырып кеттi”, дептi. Соған қарағанда, Әбiлқайырдың өзiмен бiрге де бiрер мың жiгiт кеткен болу керек. Ал менiң бiлетiнiм: қазақты 1723 жылы көктемде “Ақтабан шұбырындыға” ұшыратқан бүкiл қалмақ қолының жалпы саны 40 мыңнан азар асқан. Қазақтың үш жүзiнiң жалпы әскерi де сол шаманың ар жақ, бер жағынан асып көрмеген. Ал егер бiр Әбiлқайырда соншама әскер болса, қалмақтарды қалайша бiр дегенде жайпап тастамай, бақандай 35 жыл бойы соғысқамыз? Бұл не, Әбiлқайырды мадақтау ма, мазақтау ма?

Менiңше, бүйтiп бүйректен сыйрақ шығарып, болмағанды жорамалмен толтыра бергенше, сол Аңырақай шайқасына өзi қатысқан, шайқасты басқарған Бөгенбайдың қасында жүрген Қазыбек бектiң жазғанына құлақ асқанымыз жөн. Тарихты әрқайсымыз өз бетiмiзше бүйтiп бөстiре берсек, ол ешқашан өздiгiнен шындыққа қарай төмендемейдi, аспанда аңыз боп iлiнiп тұра бередi.....

Қазақтарды әлсіретіп, бүкіл Орта Азияға жол ашар қақпаның кілтін тезірек қолға түсіру жөнінде патшасынан нұсқау алған орыстың далалық әкімдері бұл оқшаулануды өз мүдделеріне пайдаланып қалуға жанталаса кіріседі. Бұл ретте отарлаудың ежелден сыналған тәсілі — «жабайыны жабайының қолымен құртуды» іске қосады. Әбілқайырдың хан тағынан дәметуі, Кіші жүз сұлтандарынан сескенуі және беделінің Хан атағына жеткіліксіз болуы шет жақтан көмек сұрауына әкеледі. Соның аяғы Әбілқайырдың 1730 жылы өзін Ресей империясының қол астына алуын сұрап, Петербургке елшісін жіберуіне әкеп соғады. Онда ол өзінің Ресей империясына башқұрттар секілді қызмет етіп, солай сияқты алым төлейтінін айтады.

1731 жылы Ресей сыртқыістер министрлігінің М. Тевкелев бастаған елшілігі Ырғыз өзенінің бойындағы Майтөбе деген жерде отырған Әбілқайырдың ордасына келіп, қазақ ұлысын Ресей құрамына алу туралы келіссөз жүргізді. Әбілқайырдың бұл ісіне көнбеген Кіші жүз халқының бір бөлігі Батыр сұлтанды қолдап Маңғыстау өңіріне көшіп кетті.

Әбілқайыр 1731 жылы қазанның 10 Ресей империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант берді. Бұл антты 1738, 1740, 1742 жж. қайталады. Ант беру арқылы ол Ресеймен тату тұруды, орыс қарамағындағы башқұрттар мен Еділ қалмақтарының қазақ жеріне шапқыншылығын тоқтатуды, Ресейдің көмегімен жоңғарлар басып алған жерлер мен қалаларды қайтып алуды көздеді. Осылай өзінің беделін арттырып, үш жүздің басын біріктіріп өзі билеуді жүзеге асырмақ болды.

Алайда Ресей саясаты да тереңде жатты. Империя қазақ жерін бүтіндей отарлауды ойлады. Әбілқайыр Петербор сарайы мен оның Орынбор әкімшілігінің саясатын дер кезінде түсінді. Ханның өз ұлы Қожахметті аманаттан қайтарып алудағы Ресей әкімдерімен тартысы, императрицалар Анна Ивановнаның, кейіннен Елизавета Петровнаның талаптарына мойынсұнбауы, Кіші жүзде дербес саясат жүргізуге тырысуы, ел тәуелсіздігін сақтау бағытындағы шаралары отаршылдықтың барлық көріністеріне қарсылығын байқатады. Орыс үкіметімен әр түрлі қатынастарды үзбей, Әбілқайыр сонымен қатар, жоңғар қоңтайшысы Қалдан Серенмен (пэренмен) астыртын байланыста болды. Жоңғар шапқыншылығы әлсіреген сайын Ресейден бойын аулақ салуға тырысты.

1740 жылы Хиуаны басып алып,баласы Нұралыны осында қалдырады, Нұралы аз уақыт осында хан атанды. Бірақ Иранның Нәдір шахынан ығысып, тастап шығуға мәжбүр болды. Әбілқайыр 1726 "қалмақ қырылған соғысынан кейін үш жүздің қадірлі билерімен де, белгілі батырларымен де, саяси қайраткерлерімен де қарым қатынас жасауды біржола қояды. Кіші жүз ханы ретінде оның саясатында сатқындық пен екіжүзділік көп. Қазақ даласын отарлаудың тірегі болған Ор бекінісін салуды (1735) өзі ұсынды. 173738 жж. башқұрт халқының отаршылдық езгіге қарсы көтерілісіне басып жаншу үшін башқұрт даласында біраз жүрді. Ақыры «бастан қан шықты» дегендей өзінің орысқа адалдығын дәлелдеу мақсатында 1736 жылы Әбілқайыр башқұрттарға тиіседі. Оларды қырғынға ұшыратады. Бұл ісі үшін хан 24 ақпанда (1736 ж) қатын патшаның қолы қойылған грамотамен сыйланады. Кешікпей орыстың көмегіне сүйеніп билікті қолға алудың оңай емесін және қатын патшаның қол жаулығына айналу қауіпін сезген Әбілқайыр Орынбор губернаторы И.И.Неплюевпен қақтығысады (ҚСЭ, 2-том. 14-б). Осы тұстағы қатын патшаның Әбілқайыр қақындағы ұстаным жайлы деректе: «в первые официально перед свооим правительством вопрос о неблагонадежности Аббулхаира, отсутствии у него авторитета среди своего народа и здесь российского влияния» депті.<ref>Басин.В.Я. Россия и казахские ханства в ХVІ-ХVІІІ в.в. Алма-ата., 1971, 163-б. </ref> Әбілхайырдың ол сатқындығын сол кездегі қазақ ордасының сұлтандары мен би батырлары қатты айыптады. Солардың бірі — Орта жүздің сұлтаны Барақ Ор бекінісінен қайтып келе жатқан Әбілқайырмен ен далада кездесіп қалып, оны өлтіреді. Ханның серіктері де сол жерде қаза тапқан. Бірақ Барақ Әбілқайырды «орысшылдығы» үшін ғана емес, өзінің жеке басының мүдделерін көздеп «қарақшылық» іске барған еді. Осылайша қазақта орны толмас қасірет шектірген, қазақтың қарғысы мен наласын арқалаған сатқын Әбілхайырдың шектен тыс таққұмарлығы өз басын жұтып тынды. Қазыбек бидің: - "Әбілхайырдың қазақ алдында құны жоқ. Лағнет, лағнет, лағнет" - деп айтуы да сондықтан. Ол дауда Қазыбек би бастаған билер Барақ сұлтанды ақтап алады.

Әбілқайырдың моласы Қабырға өзенінің Өлкейекке құятын тұсында, Торғай қаласынан 80 шақырым жерде. Кейін бұл жер «Хан моласы» аталды.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Қазақ хандары