Әбілқадыр Ібенұлы Нұрмағанбетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:41, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Әбілқадыр Ібенұлы Нұрмағанбетов (1932 жылы туған, Жаңақорған ауданы Бірлік ауылы) – қоғамдық қызметкер. 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі (генерал-майор), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген заңгері, КСРО прокуратурасының құрметті қызметкері. Алматы мемлекеттік заң университетін (1955), Шымкент педагогикалық институтын (1963), Свердловск қаласындағы КСРО Министрлік Кеңесіне қарасты Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (МҚК) бір жылдық курсын бітірген. 1956 – 62 жылдары Шымкент (Оңтүстік Қазақстан облысы). Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті басқармасының тергеушісі, аға тергеушісі, тергеу бөлімінің бастығы, 1962 – 66 жылдары Қазақстан Компартиясы Оңтүстік Қазақстан өлкелік комитетінде әкімшілік сауда бөлімдерінің нұсқаушысы, жалпы бөлімнің меңгерушісі болды. 1966 – 73 жылдары Шымкент облысы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті басқармасының аға оперативтік өкілі, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің әкімшілік бөлімінің нұсқаушысы, 1973 – 77 жылдары Маңғыстау облысының прокуроры, 1977 – 85 жылдары Алматы облысының прокуроры, 1985 – 94 жылдары Талдықорған облысының прокуроры қызметтерін атқарды. «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}