Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ш Тұлғалар» деген санатты аластады; «Қарағанды облысының әкімдері» деген санатты...)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

18:32, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі нұсқасы

Сурет:Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов.JPG
Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов

Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов

1952 жылы 6 ақпанда Қарағанды облысының Тельман ауданы Майөзек кентінде туған. Қазақ.

Әкесі - Құсайынов Қалиақпар (1905-1989), теміржолда жұмыс істеген. Анасы - Құсайынова Шарбан (1913-1982), үй шаруасымен айналысқан.

Қарағанды тау-кен техникумының тау-кен факультетін (1971) техник-шахта салушы мамандығы бойынша; Қарағанды политехникалық институтының автожол факультетін (1981) инженер-механик мамандығы бойынша; Ресей басқару академиясының саясаттану факультетін (1992) саясаткер (әлеуметтік-саяси мәселелер және байланыс бойынша кеңесші) мамандығы бойынша бітірген.

Орыс және қазақ тілдерін біледі.

КОКП мүшесі (1979-1992).

1971 жылдан - РКФСР Кемеров облысы Шерегеш кенішінің 5-ші разрядтағы үңгілеуші. 1972 жылдын - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1974 жылдан - «Қарағандыкөмір» бірлестігі «Долинская» шахтасының тау-кен шебері. 1975 жылдан - №2 тау-кен кәсіби техникалық училищесінің шебері, аға шебері (Қарағанды қаласы). 1980 жылдан - Қазақстан Компартиясы Киров аудандық комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, аудандық атқару комитеті төра- ғасының бірінші орынбасары, Қарағанды облыстық комитетінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы. 1991 жылдан - Қарағанды облысы Мемлекеттік баға және монополияға қарсы саясат комитетінің төрағасы. 1996 жылдан - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі. 1999 жылдың наурызынан - ҚР Парламенті Сенатының төрағасының орынбасары. 1999 жылдың желтоқсанынан - ҚР көлік және коммуникациялар вице-министрі . 2001 жылдан - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы. 2002 жылдың наурызынан - ҚР экономика және сауда вице-министрі. 2002 жылдың қыркүйегінен - ҚР индустрия және сауда вице-министрі 2003 жылдан - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің төрағасы (2004 жылдан - Техникалық реттеу және метрология комитеті). 2005 жылдан - ҚР көлік және коммуникациялар бірінші вице-министрі. 2007 жылдың қазанынан ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хат шысы.

2009 жылдың наурызынан бері - ҚР көлік және коммуникациялар министрі.

ҚР Парламенті Сенаты 1-ші шақырылымының депутаты (өзін-өзі ұсынушы, 1995-1999).

«Қазтеңізтасымалфлот» ЖАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2000-2001); «Қазақстан темір жолы» ҰК» ЖАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2002-2003); «Қазмырыш» ЛҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2003-2004).

«Құрмет» орденімен (2006); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Тыңға 50 жыл» (2004). «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен; КСРО көмір өнеркәсібі министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған (1985).

Әскери атағы - аға лейтенант.

Діни көзқарасы - қалыпты.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Гүлденгом мемлекет. Жоғары білімді жас буын. Дамыған көлік инфро құрылымы».

Хоббиі - саясат, саяжайдағы жұмыс.

Сүйіп оқитын әдебиеті -Ғ . Мұстафин, М. Шаханов, Ш. Айтматов, Мұхтар Омарханұлы Әуезов, Сәбит Мұқанұлы Мұқанов.

Үйленген. Жұбайы - Құсайынова Ғалия Қадыржанқызы (1958 жылы туған), дизайнер. Қызы - Қымбат (1982 жылы туған), заңгер Ұлы - Арман (1984 жылы туған), экономист.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Қазақстан Үкіметі (ағымдағы)