Әбілмәмбет хан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:01, 2016 ж. қарашаның 21 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Әбілмәмбет хан (шамамен 1690 жылдың соңы — 1771, Түркістан) — хан.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref> Болат ханның үлкен ұлы, Тәуке ханның немересі. Сәмеке өлгеннен кейін Орта жүзге хан сайланған. Шыңғыс тұқымының аға тармағы — Жәдік әулетінен тарайды. Абылайдың билікке жетуіне себепші болған.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

1740 және 1742 ж. Ор бекінісіне, Орынбор қаласына Орта жүздің белді старшын, сұлтандарын бастап келіп, Анна Иоановнаға ант берген. Жоңғар шапқыншылығы елге қауіп төндіріп тұрған жылдарда елдің басын қоса алмады. Алайда Абылай, Барақ сұлтандардың қазақ руларын қалмақтарға қарсы ұйымдастыруына кедергі жасамады.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Әбілмәмбет хандық құрған тұста 18 ғасырдың 30-жылдарының соңы 40-жылдарының басында, Әбілқайыр ұлы Ералы сұлтан Орта жүздің басты рулық бірлестіктерінің бірі — керейлерге билік жүргізді. 1744 ж. Әбілмәмбет өзінің жақтастарымен Түркістан қаласына көшіп кетті. Орта жүз Абылай мен Барақ сұлтандардың билігінде қалды. Әбілмәмбеттің үлкен ұлы Әбілпейіз Абылайды барынша қолдап, әкесінің соңынан ермеді.

1771 ж. әкесі қайтыс болғаннан кейін дәстүрлі құқынан өзі бас тартып, Абылайдың хан сайлануын қолдады.

Әбілмәмбет халық тарихында, хандық билігін сарқа пайдалана алмаған қайраткер ретінде белгілі. Халық шежіресінде де Әбілмәмбет ел үдесінен шыға алмаған “ақсүйек” ретінде сипатталған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Қазақ хандары