Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Әбілмәмбет хан"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жол нөмірі 27: Жол нөмірі 27:
 
| notes          =  
 
| notes          =  
 
|}}
 
|}}
'''Әбілмәмбет хан''' - ([[1730]]—[[1771]]) билік құрған.
+
'''Әбілмәмбет хан''' (шамамен 1690 жылдың соңы — 1771, Түркістан) —хан. [[Болат хан|Болат]] ханның үлкен ұлы, [[Тәуке хан|Тәуке]] ханның немересі. [[Сәмеке]] өлгеннен кейін Орта жүзге хан сайланған. Шыңғыс тұқымының аға тармағы Жәдік әулетінен тарайды. Абылайдың билікке жетуіне себепші болған. 1740 және 1742 ж. Ор бекінісіне, Орынбор қ-сына Орта жүздің белді старшын, сұлтандарын бастап келіп, Анна Иоановнаға ант берген. Жоңғар шапқыншылығы елге қауіп төндіріп тұрған жылдарда елдің басын қоса алмады. Алайда Абылай, Барақ сұлтандардың қазақ руларын қалмақтарға қарсы ұйымдастыруына кедергі жасамады. Ә. хандық құрған тұста 18 ғ-дың 30-жылдарының соңы 40-жылдарының басында, Әбілқайыр ұлы Ералы сұлтан Орта жүздің басты рулық бірлестіктерінің бірі — керейлерге билік жүргізді. 1744 ж. Ә. өзінің жақтастарымен Түркістан қ-на көшіп кетті. Орта жүз [[Абылай хан|Абылай]] мен Барақ сұлтандардың билігінде қалды. Ә-тің үлкен ұлы Әбілпейіз Абылайды барынша қолдап, әкесінің соңынан ермеді. 1771 ж. әкесі қайтыс болғаннан кейін дәстүрлі құқынан өзі бас тартып, Абылайдың хан сайлануын қолдады. Ә. халық тарихында, хандық билігін сарқа пайдалана алмаған қайраткер ретінде белгілі. Халық шежіресінде де Ә. ел үдесінен шыға алмаған “[[Ақсүйек|ақсүйек]]” ретінде сипатталған.
 +
 
 +
[[Қатысушы:Aimbetova Diana|Aimbetova Diana]] 12:12, 2011 ж. маусымның 9 (ALMT)
 +
==Пайдаланылған әдебиеттер:==
 +
Қазақ ұлттық энциклопедиясы
 +
 
 +
[[Санат:Ә]]
 +
[[Санат:Тұлғалар]]
  
 
{{Kazakh Khans}}
 
{{Kazakh Khans}}
 
[[Санат:Монархтар]]
 
[[Санат:Монархтар]]
 
[[Санат:Шыңғыс ханның ұрпақтары]]
 
[[Санат:Шыңғыс ханның ұрпақтары]]
 +
 +
{{stub}}
 +
{{wikify}}

09:12, 2011 ж. маусымның 9 кезіндегі түзету

Үлгі:Infobox Monarch Әбілмәмбет хан (шамамен 1690 жылдың соңы — 1771, Түркістан) —хан. Болат ханның үлкен ұлы, Тәуке ханның немересі. Сәмеке өлгеннен кейін Орта жүзге хан сайланған. Шыңғыс тұқымының аға тармағы — Жәдік әулетінен тарайды. Абылайдың билікке жетуіне себепші болған. 1740 және 1742 ж. Ор бекінісіне, Орынбор қ-сына Орта жүздің белді старшын, сұлтандарын бастап келіп, Анна Иоановнаға ант берген. Жоңғар шапқыншылығы елге қауіп төндіріп тұрған жылдарда елдің басын қоса алмады. Алайда Абылай, Барақ сұлтандардың қазақ руларын қалмақтарға қарсы ұйымдастыруына кедергі жасамады. Ә. хандық құрған тұста 18 ғ-дың 30-жылдарының соңы 40-жылдарының басында, Әбілқайыр ұлы Ералы сұлтан Орта жүздің басты рулық бірлестіктерінің бірі — керейлерге билік жүргізді. 1744 ж. Ә. өзінің жақтастарымен Түркістан қ-на көшіп кетті. Орта жүз Абылай мен Барақ сұлтандардың билігінде қалды. Ә-тің үлкен ұлы Әбілпейіз Абылайды барынша қолдап, әкесінің соңынан ермеді. 1771 ж. әкесі қайтыс болғаннан кейін дәстүрлі құқынан өзі бас тартып, Абылайдың хан сайлануын қолдады. Ә. халық тарихында, хандық билігін сарқа пайдалана алмаған қайраткер ретінде белгілі. Халық шежіресінде де Ә. ел үдесінен шыға алмаған “ақсүйек” ретінде сипатталған.

Aimbetova Diana 12:12, 2011 ж. маусымның 9 (ALMT)

Пайдаланылған әдебиеттер:

Қазақ ұлттық энциклопедиясыҮлгі:Kazakh Khans


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әбілмәмбет хан|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}