Әбдісаттар Оспанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:49, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Әбдісаттар Оспанов - 1941 жылы 10 қазанда Қызылорда облысы, Арал ауданы, «Ұялы» елді мекенінде дүниеге келген. 1973 жылы «Алматы өнер кәсіп құрылыс» тресі Өндірістік жабдықтау басқармасы жоспарлау бөлімінің бастығы қызметінде жүріп, Қазақ ұлттық унивеситетінің тарих факультетінің кешкі бөлімін сырттай оқып 1979 жылы бітіреді. Алматы жоғары экономикалық мектебін халықаралық насихатшы-экономист мамандығы бойынша тамамдайды. 1955 жылдан бастап өлеңдер жаза бастайды. «Өмір неткен тәтті едің...» кітабы (2000) мен «Жанқожа батыр», «Хан Сырлыбай» атты тарихи деректі романдары (2002) жарық көрді. Халықтық өнердің жанашыры ретінде 1987 жылы Жаңақорғанда Қазақстанның халық ақыны М.Көкенов атындағы, 1996 жылы Қазалы қаласында Нұртуған ақын атындағы ақын-жыршылар дайындайтын мектептер ашады. КСРО халықтары шығармашылығы ІІ фестивалінің лауреаты.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}