Әбдіржан Қалыбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:19, 2017 ж. сәуірдің 13 кезіндегі Kaiyr (Талқылауы) істеген түзету

Әбдіржан Қалыбаев (1935 жылы туған, Арал ауданы, Ұялы ауылы) – партия және шаруашылық қызметкері. ҚазМУ-ды, Алматы жоғары партия мектебін бітірген.

  • 1957 – 65 жылдары Сырдария ауданындағы санақ мекемесінде инспектор, аға экономист, облыстық ауыл шаруашылық басқармасында аға экономист, облыстық өндірістік және ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау басқармасында аға экономист, «Ауылқұрылыс» СМУ-нда аға инженер, жоспарлау бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.
  • 1966 – 78 жылдары облыстық парткомда нұсқаушы, қалалық парткомда хатшы болды.
  • 1978 – 92 жылдары Қызылорда қалалық аткомы төрағасының 1-орынбасары, облыстық жоспарлау комиссиясының төрағасы, бас жоспарлау экономикалық басқармасының бастығы, Қызылорда қалалық аткомының төрағасы,
  • 1992 – 94 жылдары Қызылорда қалалық әкімдігінің басқарушысы, қала әкімі.
  • 1994 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
  • 1995 жылы облыс әкімінің көмекшісі.

«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен және 2 рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}