Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Әбдірашит Рахымұлы Ахметов"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
10:13, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі нұсқасы
Әбдірашит Рахымұлы Ахметов (7.4.1924, Қарағанды облысы Шет ауданы) – тарих ғылыми доктор (1970), профессор (1972), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1974). Екінші Дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
ҚазМУ-ды бітірген (1949, қазіргі ҚазҰУ). Осы университетте кафедра меңгерушісі, оқытушы қызметтерін атқарды. 1980–1986 ж. Қазақстан КП ОК жанындағы партия тарихы институтының – СОКП ОК жанындағы марксизм-ленинизм институты бөлімшесінің директоры болды.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>
Әбдірашит республикалық кәсіподақтарының тарихы, кеңес дәуіріндегі Қазақстанның өнеркәсіп жұмысшыларының жағдайын, олардың өндірістік және әлеум. белсенділігін зерттеді. Осы тақырыпқа байланысты 200-ге тарта ғыл. еңбек жариялады. 1- және 2-дәрежелі Отан соғысы, Халықтар достығы ордендерімен, медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references />
Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}