Ұялы аралы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:53, 2012 ж. қаңтардың 26 кезіндегі Daniyar (Талқылауы) істеген түзету

Ұялы аралыАрал теңізінің қазақстандық бөлігіндегі бұрынғы арал. 1980 жылға дейін арал жағалаудан 8 км жерде жатқан. Ұзындығы 18 км, ені 2 км-дей болған. Ол Арал теңізінің оңтүстік-шығысындағы Сұлу бұғазының солтүстігінде орналасқан. Теңіз толық кезінде мұнда Ұялы аралы болды. Ауылда “Ұялы” балық ұжымшары, моторлы балық аулау ст. (МРС), балық қабылдайтын пункт, балық өңдейтін цехтар, қойма, шағын айлақ жұмыс істеді. Өсімдігінің денін үрме құм шоқаттарға шығатын бұталар мен шоқаттардың етегіндегі ыза суы бар жерлерде өсетін сораңдар құрайды. Арал теңізінің тартылуына байланысты арал жағалауымен бірігіп кетті.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}