Ұялшақтық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:14, 2011 ж. тамыздың 27 кезіндегі Nick jan (Талқылауы) істеген түзету

Ұялшақтықадамның өз қылықтарының немесе қайсыбір даралық көріністерінің сол қоғамда қабылданған және оның өзі де қостайтын нормаларға, мораль талаптарына іс жүзінде сәйкеспеуін ұғынуы не сәйкеспеді деп білуі нәтижесінде пайда болатын сезім. Ұялу — басқа адамдардың, әдетте жақындарының қылығымен не тұлғалық мінездерінің көрініс беруімен байланысты болуы мүмкін (басқалар үшін ұялу). Ұялшақтық өзіне-өзі қанағаттанбаушылық, көңілі толмаушылық, өзін жазғыру не кінәлау ретінде де туындайды. Ұялшақтықты өзін-өзі кемелдендіру, білім мен біліктілікке жету, өз қабілеттерін арттыруға бағытталған мінез-құлықтың қуатты қозғаушы күші арқылы жоюға болады. Ұялудың бастапқы шегі әркімнің құндылық бағдарларына, әрбір жеке тұлғаның қасиеттеріне, айналасындағы адамдардың өзі жөніндегі пікірлеріне және сезімталдығына байланысты. Субъектінің назарын өзінің мінез-құлқы мен қасиеттеріне шоғырландыратын ұялшақтық адамның өзін-өзі ұғынуын, өзін-өзі бақылауын, өзіне сын көзімен қарауын дамытуға себепші болатын күшті рефлексиялы эмоция болып саналады.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}