Ұшуды басқару жүйесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:04, 2016 ж. наурыздың 24 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету

Сурет:ControlSurfaces.gif
Негізгі (қарапайым) ұшуды басқару жүйесі

Ұшуды басқару жүйесі (Үлгі:Lang-en, Үлгі:Lang-ru көптеген ұшақтарда басқарушы беттерден, оларға сәйкес кабинада орналасқан басқару органдарынан, басқару желілерінен және ұшудың бағытын басқаруға мүмкіндік беретін түрлі механизмдерден тұрады. Жалдамдықты өзгерту үшін қолданылатын авиациялық қозғалтқыштарды басқару да ұшуды басқару жүйесі ретінде қарастырылады.

Ұшақты басқару жүйесінің негізі суретте көрсетілген. Суретте басқару механизмдер динамикалық түрде көрсетілген. Ұшақтарда қолданылатын негізгі жүйе ең алғаш рет 1908 жылы сәуірде Луи Блерионың Bleriot VIII ұшағында пайда болған.

Классификациясы

Ұшуды басқару жүйесі ұшу аппаратын басқаруда адамның қатысуына қарай үшке бөлінеді:

  • автоматты емес - ұшқыштың командалық басқару тетіктеріге берген басқарушы сигналдары басқару желілері арқылы бұлшықет күшімен рөлдік беттерді қозғалтады;
  • жартылай автоматты - ұшқыштың басқарушы сигналдары түрлі автоматтар мен күшейткіштер көмегімен өзгертіледі және күшейтіледі, сол арқылы ұшу аппаратының тұрақтылығы мен басқаруының оптимальды сипаттамаларына қол жетіледі;
  • автоматты - ұшудің белгілі бір кезеңдерін ұшқыштың қатысуынсыз автоматты түрде басқаруды қамтамасыз етеді.<ref name="ҰБЖ">Үлгі:Cite web</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Ұшу аппаратының компоненттері