Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ұрыс хан"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ш (top: clean up, replaced: | туған → | Туған (2) using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

08:05, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Ұрыс хан - 1361-1376 жылдары билік еткен Ақ Орданың ханы. Шымтай ханның (1344-1361 жылдары) ұлы Ұрыс ханның<ref>Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2</ref> билігі кезінде (1361-1376 жылдары) Ақ Орда Алтын Ордадан бөлініп, тәуелсіз хандық болып жарияланды. Ақ Орда Орыс хан тұсында едәуір нығаяды. Әйгілі тарихшы Қадырғали Жалайырдың айтуынша Орыс хан өз заманының қуатты да құдіретті, батыл билеушісі болған.

Хан

Ол ең алдымен Ақ Орданың саяси тәуелсіздігін нығайтуға мейлінше күш жұмсады. Оның сыртқы саясаты негізінен Әмір Темірдің шапқыншылық жорығына тойтарыс беруге бағытталды. Ал ішкі саясаты Ақ Орданың экономикасын өркендетіп, мемлекеттік қуатын арттыруды көздеді, ол ең алдымен Сырдария алқабындағы отырықшы егінші аймақтардың егін шаруашылығын өркендетуге және осы өңірдегі шаруашылық, мәдениет орталығы болған қалаларды көркейтуге баса мән берді. Орыс хан Алтын Орда тағы жолындағы күреске белсене қатысты. Ол хан болып нығайып алған соң ішкі феодалдық қырқысты жойып, Алтын Орданы өзіне бағындыруға әрекет етті. Бұл мақсатын жүзеге асыру үшін 1368 жылы Еділ бойына жорық жасайды. 1374-1375 жылдары Сарай-Беркені, Қажы-Тарханды (Астрахань) алып, Кама бұлғарларын бағындырады.

Әмір Темір шабуылы

Ақ Орданың саяси қауіпсіздігінен үрейленген Әмір Темір Ақ Орда тағына өзіне етене жақын Тоқтамысты отырғызуға ұмтылған. Темір өзіне көршілес мемлекеттердің шаруашылық және әскери-саяси жағынан тәуелсіз болғанын қаламады.Осыған орай, XIV ғасырдың екінші жартысында Шығыс Дешті-Қыпшақты, Жетісуды жаулап алу жорықтарын бастады, бұл соғыстар түрғылықты халықты қатты дүрліктірді.

  • 1374-1375 жылдары Темір Тоқтамысты әскерімен Ақ Ордаға жөнелтті. Қанды шайқас қырғын соғысқа үласты. Соғыста Орыс ханның ұлы Құтлұқ-Бұқа қаза болды. Бұл соғыстың соңында Тоқтамыс әскері толығымен талқандалды. Тоқтамыс бас сауғалап, тірі қалды. Тағы да әскер жинап, қайта шабуыл жасады, бірақ бұл да сәтсіз болды.
  • 1375-1376 жылдары Орыс хан соғысты түпкілікті аяқтауға бел байлады. Өз әскерін жинап, Алтын Ордаға бет алды. Екі әскер Сығанақ қаласының маңында кездесті. Алайда күннің күрт суытып кеткендігіне байланысты, шайқас болған жоқ. Қарама-қарсы екі жақ мұнымен тынбай, бір жылдан соң қайта кездесті. Соғыстың тура нәтижелері белғісіз.Низам ад-дин Шами мен Шааф ад-дин Эли Иезияның мәліметі бойынша, бұл шайқаста (1376-1377 жылдары) Орыс хан қаза болған. Енді бір деректер бойынша, ол 1380-81 жылдары өлген.
  • 1377 жылы Тоқтамыс Ақ Орданың астанасы Сығанақ пен Сауран қалаларын басып алды. Низам ад-дин Шамидің мәліметі бойынша, Сығанақты Тоқтамыс 1378-1379 жылдары жаулап алған екен. Ол мұнымен тынып қоймай, Сарай- Берке мен Еділ бойындағы қалаларды бағындырды. Алтын Орда мен Ақ Орданың көптеғен қалалары Тоқтамыстың иеліғінде болды.
  • Орыс хан — Қазақ хандығының іргетасын қалаушы. Өзара қырқысуларды тоқтатуға белсене ат салысқан. Мемлекет біртұтастығын нығайтуға да зор еңбек сіңірғен.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы.

«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Үлгі:Start Үлгі:S-bef Үлгі:S-ttl Үлгі:S-aft Үлгі:S-bef Үлгі:S-ttl Үлгі:S-aft Үлгі:End

Дереккөздер

<references/>

Тағы қараңыз

Үлгі:Алтын Орда хандары Үлгі:Ақ Орда хандары