Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:40, 2016 ж. ақпанның 13 кезіндегі Тазагүл Ермаханова (Талқылауы) істеген түзету

«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ — Орта Азия аумағында алдыңғы қатарлы емдеу мекемесі. Мұнда заманауи кардиология, кардиохирургия және интервенцияның барлық саласы қамтылған. Көмек ересектермен қоса, балаларға да көрсетіледі. Алдағы уақытта жүрек патологиясына шалдыққан науқастардың жүрегін ауыстыру, жүрек клапанына операциялар жасау жоспарланған. Сондай-ақ, аритмияға шалдыққан балаларға жоғары мамандандырылған көмек көрсетілмек.

Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы 2011 жылы Астана қаласында көпшілікке есігін ашты. Бұл ұйымда ауыр дәрежедегі жүрек - қантамыр сырқаттары бар науқастарды хирургиялық ота көмегімен емдеу жасалады. Ұйымның Басқарма Төрағасы болып Қазақстан Республикасының штаттан тыс кардиохирургы Юрий Владимирович Пя тағайындалған. Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы – жүрек-қан тамыр ауруларын диагностикалау, емдеу және оңалту саласында мамандырылған қазіргі заманға сай әлемдік класстағы клиника. Орталықтың бірегейлігі заман талабына сай барлық кардиология, кардиохирургия және интервенционды кардиология бағыттарындағы синергиясы болып табылады. Қазіргі уақытта Орталықта ересектер мен балаларға жүрек және қан – тамырға ота жасаулар, сонымен бірге жоғарғы санаттағы күрделі ота жасаулар толық спектрлі түрде жасалады.

Орталықтың ең басты міндеттерінің бірі медициналық ғылым мен тәжірибе интеграциясы, Орталық мамандарының озық ғылыми зерттемелер ендіруі үшін бірегейлі мүмкіндіктері болып келеді. Орталықтың көпсалалы қызметтерінің бар болуы Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге Орталық Азия аймақтарында басты ұйым болуына мүмкіндік береді. Орталықтың негізгі клиникалық бағыты болып туа біткен және жүре пайда болған жүрек ақаулары, жүректің ишемиялық ауруы, жүрек қызметінің созылмалы жетіспеушілігі, жүрек ырғағының бұзылуын емдеу. Орталық «жабық кезеңмен» науқастарға кардиологиялық көмек көрсетумен бірегей болып табылады, яғни, амбулаторлық тексерістен жоғарымамандандырылған кардиохирургиялық және интервенциялық көмек көрсету мен кешенді оңалтуға дейінгі кезең болып табылады. Орталық Назарбаев Университетінің ғылыми және білім беру базасы болып табылады. Стационарлық көмек көрсету үшін Орталық медициналық техниканың соңғы үлгідегі заман талабына сай диагностикалық және емдеу жабдығымен жабдықталған: ARTIS zee biplane бипланды ангиографиялық жүйесі, ARTIS zee floor ангиографиялық жүйесі, iLED светодиодтарда операциялық шамдар, Stockert S5 жасанды қан айналымы аппараты, жүректі зерттеу үшін ультрадыбыстық аппараттар. Кейінгі жылдары Орталық қазақстандық сәйкестікті, денсаулық сақтаудың үздік халықаралық моделі мен ғылыми тәжірибесін үйлестіретін кардиохирургиядағы ұлттық бренд ретінде дамиды. Бұл бағытта Орталық серіктестіктері келесі елдерінің жетекші клиникалары болып табылады: Германия, Италия, Бельгия, Франция, Түркия, АҚШ, Израиль.