Ұзынарал

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҰзынаралБалқаш көлінің орталық тұсындағы түбек. Оңт-тен солт-ке қарай 20 км-ге созыла орналасқан, ені 5 — 6 км. Солт-н Сарыесік бұғазы қоршап жатыр. Солт.-шығысында Ұзынарал аралы, оңт.-батысында Ұзынарал қонысы орналасқан. Түбектің батыс жағалауының жер бедері террасалы көлдік жағажай, шығыс бойының бедері жайылма және одан жоғарғы бөлігі террасалы болып келеді. Бетін төрттік кезеңнің (антропогеннің) шөгінді тау жыныстары жауып жатыр. Шалғынды сұр, бозғылт сұр топырағында шөлейтке тән өсімдіктер өседі. Бұл түбек қазірге дейінгі барлық карталарда Сарыесік түбегі деп қате жазылып келген. Түбектің Ұзынарал аталу себебі, а. ш-н ұжымдастыруға дейінгі кезеңде (20 ғ-дың 30-жылдарына дейін) Сарыарқа халқы Балқаш к-н осы тұста суы қатқан бұғаз арқылы көлдің оңт-ндегі қамыс-құрағы мен ағашы мол және шөбі қалың Сарыесікатырау құмына өтіп, қыстаған. Көктемде көлдің мұзы ерімей тұрып кері қарай, Сарыарқа жағына малдарын айдап әкеткен. Сондықтан бұғаз әрі-бері өтіп, көшіп-қонуға ыңғайлы болғандықтан Сарыесік деп аталған; қ. Сарыесік.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VIII том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}