Ұзақбай Қараманұлы Қараманов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:17, 2017 ж. наурыздың 5 кезіндегі Kasymbot (Талқылауы) істеген түзету

Ұзақбай Қараманұлы Қараманов (20.8. 1937 жыл, Арал ауданы Ұялы ауылы) – мемлекет қайраткері.

Өмірбаяны

  • 1959 жылы Куйбышев (Самара) қаласындағы инженерлік құрылыс институтын бітірген.
  • 1959 – 64 жылдары Шұбарқұдық автобазасында прораб,
  • «Қызылорда құрылыс» тресінде инженер, басқарма бастығы
  • 1964 – 80 жылдары «Алматы өнеркәсіп құрылысы» тресінде аға прораб, комбинат директоры, Қазақстан Компартиясы ОК-нің іс басқармасының қызметкері, Жеңіл және тамақ кәсіпорындары құрылысы басқармасының бастығы, Қазақ КСР ауыр өнеркәсіп министрлігінің Алматы құрылыс Бас басқармасының және Құрылыс индустриясы Бас басқармасының бастығы
  • 1980 – 84 жылдары Қазақ КСР жеңіл өнеркәсіп министрлігінің орынбасары, «Қазақтың су тасқындарынан қорғану құрылысы» Бас басқармасының бастығы
  • 1984 – 89 жылдары Қазақ КСР құрылыс министрлігінің 1-орынбасары, Қазақ КСР мемлекеттік жабдықтау комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.
  • 1989 – 90 жылдары Қазақ КСР Минстрлер Кеңесінің төрағасы
  • 1990 – 92 жылдары Қазақ КСР премьер-министрі болды.
  • 1991 жылдың қазан айынан - ҚР мемлекеттік кеңесшісі.
  • 1993 жылдың сәуір айынан - Аралды құтқару Халықаралық қорының атқарушы директоры.
  • 1994 жылдың наурыз айынан - депутат, ҚР Жоғарғы Кеңесі Табиғатты пайдалану және экология комитетінің төрағасы, «Қазақстан халықтық конгресі» партиясынан ұсынылған.
  • 1995 жылдың сәуір айынан - «Қазконтракт» республикалық келісімшарт корпорациясының вице-президенті.
  • 1998 жылдың сәуір айынан - «Қомақ-Инвест» қаржылай-кәсіпшілік тобының президенті. Бір уақытта, 1998 жылдан - ҚР Құрылысшылар одағының президенті.
  • 1999 жылдың қазан айынан - ҚР Парламенті Мәжілісі 2-ші шақырылымының депутаты (№37 Қызылорда облысының Аралмаңы сайлау округінен, «Отан» РСП атынан). Аймақтық дамыту және экономикалық қайта құру комитетінің мүшесі.
  • 2004 жылдың қазан айынан 2007 жылға дейін - ҚР Парламенті Мәжілісі 3-ші шақырылымының депутаты.
  • ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің 11-ші, 12-ші, 13-ші шақырылымдарының депутаты.
  • КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қызылорда, Гурьев және Талдықорған облыстарынан ұсынылған. КОКП ОК (1990-1991), Қазақстан Компартиясы Саяси бюросының (1990-1991), ҚазКСР Президенттік кеңесінің (1990) мүшесі. Қазақстан Құрылысшылар одағының негізін салушы.

Марапаттары

Жеке қасиеттері

  • Әскери атағы - отставкадағы полковник.
  • Діни көзқарасы - дінге сенеді.
  • Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Ш. де Голь, Н.Ә. Назарбаев.
  • Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Гүлденген, экономикасы дамыған, демократиялық ел».
  • Хоббиі - табиғат аясында демалу, балық аулау және шахмат.
  • Сүйіп оқитын әдебиеті - классиктер шығармалары.
  • Үйленген. Жұбайы - Раметоллақызы Ұлдай (1937 ж. т.). Ұлдары - Қараманов Асқар (1961 ж. т.), Қараманов Нұрлан (1965 ж. т.), Қараманов Дәулет (1970 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Navbox