Ұждан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ұждан — адамның өз мінез-құлқын бақылау, қадағалау оған белгілі бір шек қойып, мүлтіксіз орындау қабілетін бейнелейтін әдеттану санаты. Ұждан адамның халық пен қоғам немесе жеке адамдар алдындағы өз әрекеті, іс-қимылы үшін моральдық жауапкершілігін сезініп, саналы түрде ұғынуын, өз ойы мен іс-әрекетін адамгершілік ұжданымен бағалай білуін бейнелейді. Ар-ұждан намыс деген ұғыммен тығыз байланысты. Ар-ұждан — адамның өз тәртібін өзінің қадағалауына негізделген, тұлғаның эстетикалық қарым-қатынасымен байланысты қарастырылатын мінез-құлықтық категория.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}