Үфі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:01, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үфі (Үлгі:Lang-ru, Үлгі:Lang-ba) — Ресейдегі қала, аутономиялық Башқұртстан Республикасының астанасы.

Тарихы

1574 жылы Қазанның атаманы Михаил Нагой басқаратын казак орыстардың күшімен салынған. Үфі қамалының салынуы - орыстардың Ноғай ордасымен 1571 жылының келісімді бұзуы еді. Башқұрт тарихшылардың пікірі бойынша Үфінің орнында бұрынғы заманда ежелгі қала болған. 1708 жылынан бастап Үфі Қазан губерниясының құрамына кіреді. 1728 жылы Үфі провинция орталығына айналды. 1744-1781 жылдары Орынбор губерниясының құрамында. 1781 жылдың желтоқсан айында Үфі тағы да провинция орталығы болды. 1796 жылдары Орынбор губерниясының құрамына кіреді. 1802 жылы губернатор тұратын қалаға айналды. 1865 жылынан бастап Үфі губерниясының орталығына айналады. 1918 жылының қыркүйектің 23-ші жұлдызында Үфі қаласында Бүкілресейлік Уақытша Үкімет ұйымдастырылған. 1919 жылы ол Омбы қаласына көшеді. 1919 жылы Башқұрт Аутономиялық Кеңес Социалистік Республикасы құрастырылған. 1922 жылының маусым айында Үфі губерниясы мен Башқұрт АКСР біріктірілген. Үфі қаласы аутономиялық Башқұртстанның астанасы болды.

Жағрафиясы

Үфі қаласы Ақеділ өзенінің жағасында, Үфі мен Дем өзендері құйылатын жеінде, Оңтүстік Орал тауларынан батысқа қарай 100 шақырым қашықтықда орналасқан. Қала қоңыржай климат белдеуінің орманды дала аумағында орналасқан. Жазы жылы, қыс суық және ұзақ. Көлемі - 753,7 шаршы шақырым. Ірі көлік торабы, маңызды ғылыми және өнеркәсіп орталығы. Үфі Екатеринбург уақыты сағат белдеуінде орналасқан. Гринвич сағат белдеуімен салыстырғанда, қысқы кезде +5 сағатты, жазғы кезде +6 сағатты қосу керек.

Халық саны

Үфі қаласының халық саны 1 023 000 (2007 жылғы мәлімет). Ресейдің үлкен қалаларының арасында Үфі 11 орын алады. Халықтың 45,5% еркектер, 54,5% әйелдер. Қалалықтардың 15,6% кәмелетке жетпеген балалар, 65,8% жұмыс істеуге қабілетті ересектер, 18,6% қарт адамдар. Жұрттың жарымы - орыстар (50,5%), қалғандары - татарлар мен башқұрттар. Соңғы жылдарында халық саны көбейеді. Мұның негізгі себебі татарлар мен башқұрттардың ауыл аумағынан астанасына келуі.

Бауырлас қалалары

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Commons [1]

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}