Үфідегі Ресей Ислам Университеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:09, 2016 ж. тамыздың 7 кезіндегі Kaiyr (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Университет Ресей Ислам Университеті (Үлгі:Lang-ba) — Ресей Федерациясындағы Үфідегі Ресей мұсылмандарының орталық діни басқармасының жанындағы жеке меншік жоғарғы оқу орны.

Сурет:Мечеть.3.jpg
1989—1999 жж оқу орны Үфінің бірінші соборлы мешітінде орналасты

Тарихы

1989 жылы КСРО ның Министрлер Кабинетінің дін істері жөніндегі кеңесінің Қаулысымен Үфіде Үфі бірінші соборлы мешітінің базасында "Ризаитдин Фахретдин атындағы медресе" болып ашылды.

1999 жылы "Р. Фахретдин атындағы Ресей Ислам Институты" болып қайта құрылды.

1999—2005 жж. оқу орны «Ляля-Тюльпан» мешітінің ғимаратында орналасты.<ref>Валиева Р. М. Ляля-Тюльпан.//Статья в Башкирской энциклопедии</ref>.

Сурет:Ljalja-Tjulpan.jpg
1999—2005 жж. РИУ Ляля-Тюльпан мешітінің ғимаратында орналасты

2001 жылы Башқұрстан Республикасының Үкіметі мен Үфі қала кеңесінің Президиумының шешімімен атақты Ғалия медресесінің ғимараты Ресей орталық мұсылмандары діни басқармасына қайтарылды.

Сурет:Медресе Галия (Уфа).jpg
2001 жылдан бері оқу орны Ғалия медресесінің бұрынғы ғимаратында орналасқан

2003 жылы Ресей орталық діни басқармасының Ресей Ислам университеті болып қайта ұйымдастырылды.

Құрылымы

Ресей Ислам университетініңқұрамына 3 факультет кіреді:

  • теолого-педагогикалық факультет;
  • Ислам тарихы және вероучения негіздері факультеті;
  • Қайта даярлау, біліктілікті арттыру және қосымша білім беру факультеті.

Сонымен бірге ЖОО 7 кафедрадан тұрады, соның ішінде екі ЖОО-аралық (М. Акмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педогогикалық университеті).

Университетте кітапхана, компьютер класы, және де редакциялық-баспалық бөлім бар. 2009 жылдан бастап оқу орнының редакциялық-баспалық бөлімінде монографиялар, оқу-әдістемелік құралдар (пособия) шығарылады.

Білім беру

Білім бері күндізгі, кешкі, және сыртқы, ер және әйел бөлімдерінде жүргізіледі.

Ресей Ислам Университеті имам-хатыб, имам-мухтасиб, мугаллим, ислам ғылымдарының және араб тілі ұстаздарының дайындығын ұйымдастырады.

Оқу орнының түлектеріне маман, бакалавр, магистр квалификациясы беріледі.

Басшылары

  • Касым-хазрат Салимов;
  • Равиль Утябай-Карими;
  • Ринат Раев;
  • Артур Сулейманов.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер