Үнді-Жерорта теңіздік раса

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:06, 2011 ж. желтоқсанның 7 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

ҮНДІ-ЖЕРОРТАТЕІҢЗДІК РАСА, үлкен еуропалық нәсілдің оңтүстік тармақтарының бірі. Еуропаның кейбір оңтүстік аудандарында, Солтүстік Африкада, Арабия түбегінде, Үндістанға дейінгі Еуразияның бірқатар оңтүстік аудандарында таралған. Оған испандар, португалдар, оңтүстік италиялықтар, алжирліктер, ливиялықтар, мысырлықтар, парсылар, Ирак тұрғындары, ауғандар, Орталық Азияның кейбір халықтары, үнділер, т.б. кіреді. Негізгі белгілері: денелерінің ұзындығы орташа не одан қысқалау, терісінің түсі қара қоңыр, шаштары қара бұйралау, мұрындары тік әрі тар, көз шұңқыры кең. Үшінші түктік қабаты орташа. Бет пішіндерінің оралық бөлігі басым. Көздері қара. Самайдың жоғарғы қатпары әлсіз дамыған. Үнді-жерортатеңіздік расаның жергілікті өзіндік нұсқалары да кездеседі.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}