Үмбетәлі Кәрібаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:32, 2015 ж. қарашаның 6 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Үмбетәлі Кәрібаев (1889, қазіргі Алматы облысы Жамбыл ауданы Үмбетәлі ауылы1969, сонда) — ақын, Қазақ КСР-інің халық ақыны (1961).

Жасынан домбыра тартып, өлең-жыр шығарған. Ауылда оқып, хат таныған. Бақтыбай мен Тезек, Жамбыл мен Құлмамбет айтыстарын, “Мың бір түн”, “Тотынама” дастандарын жатқа айтып, ел арасына таратты. Орынбай, Иса, Кенен Әзірбаев, Саяділ, Есдәулет, Қалқа, Жақсыбай, т.б. белгілі халық ақындарымен айтысқан. Қырғыз жыршылары Оспанқұл, Жаманқұлдармен шығармашылық байланыста болды. Шығыс әдебиетінің мазмұнында “Үш өнерпаз”, “Патша мен ұрылар”, тарихи сюжетке құрылған “Кемпірбай мен Қисық батыр”, бүгінгі өмірге байланысты “Марқа”, “Мәлікбек” дастандарын шығарды. 1916 жылғы Жетісудағы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысып, оны жырға қосты.Үмбетәлі шығармалары “Өлеңдер мен дастандар” (1938), “Өлеңдер” (1951), “Өлеңдер мен толғаулар” (1958) деген атпен жарияланды, 1962 жылы таңдамалы шығармалары жарық көрді. Үмбетәліге Алматы облысында ауыл аты берілген және аудан ортасында ақынға мұражай-үй ашылған.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Үмбетәлі Кәрібаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}