Үлкен Борсық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:58, 2016 ж. мамырдың 17 кезіндегі Batyrbek.kz (Талқылауы) істеген түзету

Үлкен Борсық — құм. Арал теңізінің солтүстік-батыс жағасынан Ақтөбе облысының Шалқар қаласына дейінгі аралықты қамтиды. Ақтөбе облысы Шалқар ауданы жерінде. Ұзындығы 200 км-ден астам, ені 25 — 30 км (теңіз жағалауында 80 км-ге дейін кеңейеді). Ауданы 3300 км². Мұғалжар тауы мен Шағырай үстіртіне жалғасқан батыс бөлігі ойдым-ойдым шағын көлдер мен сортаңдар тізбегінен тұрады. Құм жағалауларында қыстаулар (Ойық, Итжеміс, Ақши, Шұқыр, т.б.), қоныстар (Қабырғайтау, Сарыбұлақ, т.б.) және құдықтар (Қосшыңырау, Аққұдық, т.б.) жиі кездеседі. Негізінен палеоген тау жыныстарының үгілуінен қалыптасқан, тек солт.-батыс бөлігі ғана жас аллювий шөгінділерінен түзілген. Жер бедері төбелі-белесті, өсімдікпен бекіген құмды жазық. Жер асты суы 1 — 25 м тереңдіктен шығады. Қысы қатаң, жазы ыстық; қаңтардың орташа температурасы –12 — 15 С, шілдеде 25 — 26 С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 100 — 150 мм. Қоңыр топырақта жусан, жүзгін, шеңгел, изен, сексеуіл, т.б. өседі. Мал жайылымы.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}