Үлкен Алматы шыңы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:03, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Тау

Үлкен Алматы шыңы (3684 м) — аса ірі пирамида тәрізді шың. Бұл шыңды Алматы қаласының кез-келген жерінен көруге болады. Шыңға Үлкен Алматы көлі, немесе Жосалыкезең асуы (3330 м) арқылы, Проходной шатқалымен Космостанция арқылы оңай көтерілуге болады.

Бұл - ХІХ ғасырда Верный қаласының тұрғындары тұңғыш көтерілген шың. Бүгінгі күні де шың төбесі Алматыны, әсем табиғатты тамашалау орнына айналған. Жосалыкезең асуының оң қабатын ала орналасқан Турист шыңына (3954 м) тау шаңғысы трассасы арқылы көтерілуге болады. Ол үшін арнайы дайындық және 5-6 сағат уақыт керек болады. Трапеция тәрізді Б.Момышұлы атындағы қос басты (4047 м) шың Турист шыңының оңтүстігінде орналасқан. Оған көтерілу ерекше техникалық дайындықты қажет етпейді, шыңның оңтүстігіндегі көкорай шалғынды бойлай, Үлкен Алматы көлінің жоғарғы жағындағы шатқалмен көтерілуге болады. <ref>Жетісу кітабы.</ref>

Сурет:Үлкен Алматы шыңы (наурыз айы, 2017 жыл).jpg
Үлкен Алматы шыңы (наурыз айы).

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Үлкен Алматы шыңы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}