Үлек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

07:32, 2016 ж. ақпанның 11 кезіндегі Batyrbek.kz (Талқылауы) істеген түзету


Үлек — сыңар өркеш түйенің (аруананың) ұрпағы. Шоқтығына дейінгі биіктігі 183 см, тұрқы 155 см, салмағы айыр түйеден жеңілдеу, мойны ұзын әрі жіңішке, қамыттығының жүні бұйра, тамағының асты мен желке жүні қалың әрі шудалы. Үлек 5 — 6 жасында қаңтардан сәуірге дейін келеге түседі, бұл кезде жемшөпті аз жеп, ашуы бойына сыймай күркірейді. Келеге түсу кезінде оны ұрып-соғуға болмайды, аса кекшіл, адамға шабуы мүмкін. Әбден жараған кезде тұсап, байлап ұстамаса, өзара таласып, бірін-бірі тамақтап, күре тамырларын қиып, тізелерін кеміреді, жеңгені жеңілгенін төсімен жаншып өлтіруі мүмкін. Ыстық түсе жыныс безінің қызметі бәсеңдеп, мүлде жуасып қалады. Бір маусымда Үлек 20 — 30 аруананы қайи алады. Үлек өте жүрдек әрі ұшқыр.


Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы" 9 том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}