Үйтас

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:01, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Yйтас – Өгем аумағындағы нысан аты. Үй сияқты төрт қырлы үлкен тас. Биіктігі 2 м, ұзын 5 м, ені 3 м. Өгем шұқырына түсе берісте 7 км сол жақта. Ертеде Өгемде өмір сүрген Балықбай атты бай адам түйенің мойнын екі жерден бауыздап, ортасындағы бітеу терінің бір жағын тігіп қап жасап, сол қапқа алтын толтырып, Үйтас деген жердегі қыстауының маңына жасырған деген әуезе бар.ертедегі баспана құрылысының бір түрі. Yйтас түркі тайпалары және тау халықтары арасында исламға дейінгі дәуірде кең тараған. Ол көбіне табиғи тастан киіз үйге ұқсас үлгімен тұрғызылған. Ежелгі заман тарихшылары (мыс., Понтийлік Приск) Каспий теңізінен солтүстік және солтүстік-шығысқа қарай созылып жатқан кең даланы мекендеген тайпалардың іргесі шеңберленіп келген тас үйлері, Византия тарихшысы К.Порфиродный аварлардың дөңгелек пішінді тұрақжайлары, ал грек географы әрі тарихшысы Страбон тау тұрғындарының тастан салған шеңбер үлгідегі баспаналары жайында жазады. Дәстүрлі қазақ ұғымында бұл баспаналар да, сондай-ақ қабырғасын табиғи тастан шеңбер үлгімен тұрғызып, төбесін күмбездеп жапқан ежелгі мазар да Yйтас деп аталады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Үйтас - Еңлік, Кебек паналаған жер. Семей облысы, Абай ауданы, Кіші Орда тауының батыс жағына орналасқан. 1780 ж. шамасында қос ғашық Еңлік пен Кебек Қара жартастан қашып, Жидебайға жақын Ү-қа келіп жасырынған. Жазықсыз мерт болған қос мұңлықтың қайғылы тағдыры Абайды кайтты толғандырып, Шәкерім, Мағауияға дастан жазуға тапсырма берген.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IX том
"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы" Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}