Қәтран табризи

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

22:23, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Қәтран Табризи (туған жылы белгісіз – 1074, Табриз қаласы) – көне Тараз қаласын жырына арқау еткен ортағасырлық парсы ақыны. Түркі халықтарының әзери тайпасынан шыққан. Табриз қаласы маңындағы Шадабад ауданында туған. Заманында, негізінен, қасида жанрында жазған атақты ақын ретінде танылған. Ол Әзірбайжан мен Иран билеушілерінің сарайында жасап, солардың көбіне арнап мадақ жырын жазған. Ганжа әкімі Әмір Әбілхасан Әли Ләшкәриге, Табриз әкімі Әжал Әбумансұрге, Әзірбайжан әкімі Әбумансұр Мұхаммедке арнау өлеңдер жазып, мол сыйлықтар алған. Оның өлеңдері парсы тілінде жазылса да, сол заман қажетіне орай араб сөздері молырақ қолданылған. Лирикалық өлең-жырлары, көбінесе, махаббат тақырыбына арналған. Одан қалған әдеби мұра «Диуан» деген атпен топтастырылған. Хұсайын Аһи баспаға дайындап, басылым көрген нұсқасында кісі аттарына, елді мекен, жер атауларына түсініктеме берілген. Ол түсініктемеде ақын шығармаларында ұшырасатын Қазақстан жеріндегі қалалар мен түркі әлеміне танымал, кісі аттары жиі аталады. Мәселен, онда Баласағұн, Тұран, Түркістан атауы, Жейһун (Әмудария), Хазар (Каспий), әсіресе, Тараз қаласына орай аталатын дерек көздері ерекше мәнге ие. Тұран билеушісі Афрасияб (Алып Ер Тоңға) есімі ақын бәйіттерінде ерекше мән беріле жырланғаны көңіл аударады. Онда Афрасияб Иран әдебиетіндегідей жағымсыз образ ретінде ирандықтардың ата жауы болып сипатталмайды. Керісінше, ол беті қайтпас қайсар, жауырыны жерге тимеген палуан, айбыны елден асқан қолбасшы батыр ретінде бейнеленген. Қәтран Табризидің Әбілмансұрге арнаған мадақ жырында Афрасиябты меңзей айтатын өлең жолында: «Оның даңқы Бағдаттан Баласағұнға дейін жеткен» деуінде талай нәрсе сыр бүгіп жатқандай әсерде қалдырады. Ирактағы Бағдад қ. орталығы Шығыстың бас қаласы болса, Баласағұн қаласы қазақ жеріндегі исламдық әлемнің шекарасыздығының бір бүйірдегі тірегі екендігі меңзеледі. Ақын сол кездегі шаһ Әбунәсір Мұхаммедті құрбан айт мерекесімен құттықтай отырып оған арнаған мадақ жыр кестесінде Тараз қаласын бірнеше рет тілге алып, «Таразды аңсаған мұңынан, Тараздың кілең жайсаңы. Сарғайса, мен де жүдеймін, Тітіреп Тараз талындай. Жарымнан хабар келер» деп жырлайды. Ортағасырлық Иран ақындарының көбі өздерінің жырларында Тараздың арулары мен сүйріктей сымбаттыларына сұқтанбай өтпегені жоқ. Өз кезегінде Қәтран Табризиде Тараз аруларын «Ауасында Хотэн киігінің хош иісі болмаса да, Жерінде жайлау Хотэн киігіндей хош иісін таратар, Мына жайлау Тараз аруының нақышын салар» деп жырға қосады. Ақын туған жер, табиғат сұлулығын Таразға балай суреттеумен қатар әмір Әбунәсірдің ерлігі мен өрлігін сипаттағанда Таразбен балап, «Ешбір қорған сендей қамал алушыны көрмеген, Тараз қосыны да сендей сарбаз көрмеген» дейді. Табризде өмір кешкен ақынның жырына Тараз қосыны ерлігімен танылған себепті енсе керек-ті. Ақын жырында Тараз қаласы жағрафиялық кеңістікте тарихи орын тепкен танымал елді мекен болумен қатар сұлулық, ерлік, әсемдіктің жұрт мойындаған орталығы ретінде сөз етілуі көп нәрсені аңғартады.

Дереккөздер

“Тараз энциклопедиясы”

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қәтран табризи|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}