Құсайын Айтқалиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

15:57, 2016 ж. тамыздың 18 кезіндегі Мұхамеджан Амангелді (Талқылауы) істеген түзету

Айтқалиев Құсайын (1930 жылы туған, Атырау облысы Махамбет ауданы) — ұстаз, КСРО Халық мұғалімі (1980). Гурьев мұғалімдер институтын бітірген (1950). 1956 — 70 жылдары Талқайран, Алғын орта мектептерінің директоры болды.

Айтқалиевтың ғылыми-тәжірибелік жұмыстары оқу ісін демократияландыру бағытында жүргізілді. Оқушыларға бағдарламалық біліммен қатар кәсіби білім беруді ұйымдастырды. Айтқалиев қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен блок-сабақтар өткізу тәжірибесін қолдады. Мұндай жүйемен оқыту пән материалын алдын-ала ірілендірген мөлшерде тапсыру, алға жылдам жылжу принципін ұстанады. Оқу бағдарламасында құбылыстар, процестер, заңдылықтар бір-бірімен логикалық біте қайнасқан блок-блокқа топтастырылады. Блок жүйесімен өту басты мәселелерге тірек болатын ұғымдарға көңіл аударуды, оқу материалының себеп-салдар байланыстарын айқындауды қамтамасыз етеді. Айтқалиев облыста бірінші болып атаулы мектеп ұйымдастырды. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Құсайын Айтқалиев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}