Құрманғазы Қараманұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:53, 2016 ж. мамырдың 23 кезіндегі Batyrbek.kz (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Мағына

Құрманғазы Қараманұлы- 1943 жылы 5 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін аудандық «Еңбек туы» газетінде әдеби қызметкер болып жұмыс істеді. 1969 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Одан соң «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1976—1996 жылдары «Жалын», «Балауса» баспаларында редакция меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, «Көк Аспан — Қара жер» танымдық газетінің редакторы қызметтерін атқарған. Қазір «Айта жүрер әңгіме» дайджест-альманағының редакторы.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref> Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы Көркем аударма жөніндегі кеңестің төрағасы.Алғашқы көлемді шығармасы — «Шайтантөбедегі от» әңгімесі 1960 жылы облыстық «Октябрь туы» (қазіргі «Орал өңірі») газетінде жарияланған. Сондай-ақ ол ағылшын жазушылары Э.Хемингуэйдің «Қош бол, майдан!» («Жалын», 1979), И.Стоунның «Грек қазыналары» («Жазушы», 1983), орыс жазушысы Г.Гриннің «Комедианттар» («Жалын», 1984), Сервантестің екі бөлімнен тұратын «Дон Кихот» («Аударма», 2006,2007) романдарын, Чезаре Павезенің «Ғажайып жаз», «Жотадағы жынойнақ», «Жолдас», «Ай мен алау» («Аударма», 2008) роман-хикаяттарын қазақ тілше аударған.

1987 жылы «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атағы берілген. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2008). <ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Шығармалары

  • «Қайраң еткел». Алақандай әңгімелер. А., «Жалын», 1978;
  • Қызғыш құс. Повестер. А., «Жалын», 1980;
  • Алтын іздеушілер. Повестер. А., «Жалын», 1987;
  • Одинокий всадник. Повесть. М., «Детская литература», 1990;
  • Дикая кошка. Повести. А., «Жалын», 1991;
  • Тәңірге тағзым. Эссе. А., «Ана тілі», 1996;
  • Жалғыз атты жолаушы. Повестер. А., «Балауса», 1996;
  • Жапан туздегі жұрт. Повестер. А., «Сөздік-Словарь», 2003;
  • Өжет. 2008.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}