Құрманбек Бәкиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

04:44, 2017 ж. сәуірдің 4 кезіндегі CommonsDelinker (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Құрманбек Сәлиұлы Бәкиев (Үлгі:Lang-ky, Үлгі:Lang-ru; 1.8.1949 жылы туған, Қырғыз Республикасы, Ош облысы, Масадан ауылы) — Қырғызстанның екінші президенті.

1949 жылы тамыздың 1-інші жұлдызында қазіргі Жалалабат облысы Масадан ауылында дүниеге келген.

Куйбышев (қазір — Самара) қаласындағы политехникалық институтын бітірген, мамандығы бойынша инженер-электроник.

1976—1979 жылдары Куйбышевтағы (Самарадағы) Масленников атындағы зауытында мамандығы бойынша жұмыс істеді.

1979—1985 жылдары Жалалабат зауыттарының бірінде бас инженері болып істейді.

1985—1990 жылдары Көк-Жаңғақ қаласындағы «Профиль» зауытының бастығы.

1992—1994 жылдары Тоғыз-Тара аудан әкімшілігінің басшысы.

1994—1997 жылдары Жалалабат облысының әкімшілігінің басшысы.

1997—2000 жылдары Шу облысының губернаторы.

2000 жылы желтоқсанның 21-інен 2002 жылы мамырдың 22-сіне дейін Қырғызстанның премьер-министрі. Ақсы ауылындағы оқиғаларынан кейін орнынан өз еркімен бас тартып, халық мүддесін қорғап, Ақаевқа қарсы оппозицияға кетті. Оппозиция көшбасшысы болып, «қызғалдақ төңкерісі»нен кейін ел басшысы болды.

2005 жылынан бастап — Қырғыз Республикасының президентінің міндеттерін атқарады.

2005 жылында Қырғызстанның елі Ақаевтың саясатына наразылық білдіріп, наурыздың 24-інде «қызғалдақ төңкерісін» жасаған. Осындай қиын саяси жағдайында, билігіне Құрманбек Бәкиев келген. Біржолы ел басшысы және үкімет басшысы (премьер-министр) міндеттерін атқарып, кезексіз президенттік сайлауда өз кандидатурасын тапсырған.

2005 жылының шілде айының 10-ында өткен президенттік сайлауда ресми деректер бойынша сайлаушылардың 88% алып, сайлауда жеңген.

2005 жылының тамыздың 15-інде Бәкиевтің президент инаугурациясы өткен.

2009 жылы екінші мерзімге сайланған.

2010 жылының сәуірдің 7-ісінде пайда болған қанды оқиғалардан кейін елдік төңкерісінің барысында Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаев сияқты орнынан кетуге мәжбүр болды. Бішкектен қашып кеткен Бәкиев туған Жалалабат облысының Тейіт (Масадан) ауылына келіп, билігін сақтау үшін Қырғызстанның оңтүстігінде елдің қолдауын іздеді. Сәуірдің 15-інде, Бәкиевті қолдайтын күштер Ош қаласында митинг ұйымдастырды. Алайда, жақтаушы мен қарсылас топтардың қақтығысынан кейін, митинг тарап кетті, ал мақсатына жете алмаған Бәкиев Қырғыз елінен кетуге мәжбүр болды. Тараз қаласында биліктен бас тартатын қағазға қол қойып, ары қарай Беларусьтың астанасы Минск қалаға ұшып кетіп, сол жақта пана тапты.

Сілтеме

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>