Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Құрақ құрау (көрме)"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

(Жаңа бетте: "21.05. 2012 ж. Сол жағалау кешеніндегі '''«Шеберлер қаласында» «Құрақ құрау» көрмесі''' ашылды. Көрме...")
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:30, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі нұсқасы

21.05. 2012 ж. Сол жағалау кешеніндегі «Шеберлер қаласында» «Құрақ құрау» көрмесі ашылды. Көрмеге Өскемен қаласының шеберлері қатысты. Көрмеге 40-тан астам жәдігерлер қойылып, 11 адам қатысқан болатын. Олар – әртүрлі жастағы адамдар, түрлі мамандық иелері, ұстаздар және т.б. Көрмеге белгілі шеберлеріміз: Баженова Надежда Леонидовна, Леонова Ольга Петровна, Балгазина Лязат, Бабенко Екатерина, Садуакасова Нургайни, Шибарова М.В. қатысты. Сонымен қатар алғаш рет Похалуева О.А., Лопатина С.А., Рубцова В.Т., Тихонова С.М., Билле В.П. сынды шеберлеріміз қатысты.

Құрақ құрау – қол өнердің халық арасына кең тараған түрі. Көпшілік маталардың керекке жарамай қалған қиықтарынан сантүрлі көрпешелер, көпшіктер мен жастық тыстарын, көрпе тыстары мен тұтқыштар, перделер мен жапқыштар тігу бүгінде ермекке айналды. Бұл ретте, мұндай ермектің көп шығынды қажет етпейтінін айтқан жөн, соның өзінде қолөнердің басқа түрлерінен кем түспейді. Құрақ құрау – бұл нағыз өнер, әрі табандылық пен тиянақтылықты талап ететін еңбек.


Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА