Құмдақшөп

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:57, 2016 ж. маусымның 29 кезіндегі GanS NIS (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Taxobox

Құмдақшөп немесе Құмбелек (→Құмебелек) (Үлгі:Lang-la) - қалампыр тұқымдасына жататын бір, екі не көп жылдық шөптесін өсімдіктер.

Түрлері, өсетін жері мен таралу аймағы

Қоңыржай, салқын аймақта 100, Еуропада, Батыс, Шығыс Сібір жазығында таралған 35 түрі бар.
Қазақстанда Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында, Алтай таулары, Тарбағатай жотасы, Ұлытау тауларында, Іле, Күнгей Алатауларында, Зайсан қазаншұңқырында, Балқаш-Алакөл алабында таралған 11 түрі белгілі, оның үшеуі: азиялық құмдақшөп (Arenaria asiatica), тұрлан құмдақшөп (Arenaria turlanica), Потанин құмдақшөбі (Arenaria potanini) - Қазақстанның эндемиктері.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 5-50 см, жапырағы таспа пішінді, қарама-қарсы орналасқан.
  • Гүлі ақ, кейде қызғылт, қос жынысты.
  • Гүлшоғыры - жарты шатырша. Мамыр-тамыз айларында гүлдейді.
  • Жемісі - қауашақ.

Қолданысы

Өсімдіктен медицинада қолданылатын сапониндер алынады. Әсемдік үшін өсіріледі. Құнарлы мал азығы.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер